Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы болып, заң ғылымдарының докторы, доцент, полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов тағайындалды

2019 жылдың 01 сәуір күні Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында іс – шара өткізілді. Іс-шараға Академия басшылығы,  профессорлық-оқытушылар құрамы мен жеке құрамы жиналды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Қойсарыұлы Сүйінбаев, Қостанай облысының  ІІД бастығының орынбасары полиция полковнигі Мереке Нагашыбаевич Альшагиров қатысты.

Қостанай қаласына алғашқы іссапарымен келген ҚР ІІМ КСД бастығы полиция полковнигі С.Сүйінбаев ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызыловты құрметті демалысқа шығуымен құттықтап, ішкі істер органдарындағы ұзақ және адал қызметі,  жас қызметкерлерді тәрбиелеуде елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Ішкі істер министрінің құрмет грамотасымен  марапаттап, ғылым мен білім саласында жаңа бастамалар тіледі. Полиция полковнигі С.Сүйінбаев Академияның басшылығы мен жеке құрамына ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекеновты таныстырды. Оның өмірбаянымен құқық қорғау органдарындағы қызмет жолдарын атап өтіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын, қазақстандық полицияның, Академияның имиджін көтеру бағыттарында атқаратын қызмет жолдарына сәттілік тіледі.

Іс-шара барысында полиция полковнигі Н.Биекенов полиция генерал-майоры М.Қызыловқа Шырақбек Қабылбаевтың төс белгісін тарту етіп, отбасына амандық, ғылым жолындағы әрбір істеген істеріне керемет жетістіктер тіледі.

Келесі сөз кезегі Қостанай облысының ІІД  бастығының орынбасары полиция полковнигі М.Альшагировке берілді. М.Альшагиров  полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловты құрметті демалысқа шығуымен құттықтады. «Академияның білім мен ғылым саласына, курсанттарға тәлім-тәрбие беруде, оқу орнының өркендеуіне, имиджін көтеруіне қаншама жұмыс жасадыңыз!  Сізге зор денсаулық тілей отыра, биіктен көріне беріңіз!», — деп тіледі.

Өз кезегінде полиция генерал-майоры М. Қызылов: «Академия басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамына және жеке құрамға болашақта халыққа жақын, халықтың қамын ойлайтын, білімді, кәсіби шебер, қазіргі тұрпатты полиция қызметкерін дайындауларың  қажет, осындай тамаша тәртіп сақшысын даярлауда барлық жақтан жағдайлар жасалған. Сіздерге қызметтеріңізге сәттілік тілеймін», — деп сөзін тәмамдады.

Сонымен қатар полиция полковнигі С.Сүйінбаев алдағы уақытта құқық қорғау органдарында болатын өзгерістер туралы ақпараты қызметкерлерге жеткізді. Академияның бастығы полиция полковнигі Н.Биекеновке жаңа қызметтік жолына сәттілік тіледі.

Іс-шара соңында естелікке суретке түсті.

Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы

Фото С.Камалов