Академия магистранттары республикалық құқықтық олимпиаданың жүлдегері атанды

2019 жылдың 29 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында әскери, арнаулы оқу орындарының арасында «Терроризм Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне қатер» тақырыбында құқықтық олимпиада өтті. Іс-шараға Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының және Ішкі істер министрлігінің білім беру мекемелерінің магистранттары мен докторанттары қатысты.

Сарапшылар және қазылар алқасының мүшелері ретінде Еуропалық құқық сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, сондай-ақ Жоғары Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының Қазақ мемлекеттік заң және Еуразия ұлттық университетінің өкілдері шақырылды.

Олимпиада қатысушыларына арналған конкурстық тапсырмалар 3 кезеңге бөлінді. Бұл – ұлттық қауіпсіздік саласындағы заңнаманың теориялық білімін тексеру, ұсынылған ақпарат бойынша жедел ситуациялық талдау жүргізу, сондай-ақ ұсынылған тақырыптағы пікірсайыс.

Академияның 1 оқу жылындағы магистранттарынан құралған команда олимпиада барысында жоғары дайындық деңгейлерін көрсете білді. Құқықтық олимпиады қорытындысы бойынша Академия командасы II орынға ие болып, кубокпен және грамотамен марапатталды.

1 курс магистаранты

әділет аға лейтенанты

Қабай Манар