Наурыз-көктем

Наурыз – парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні – жаңа күн. Қазақ халқында қалыптасқан түсінік бойынша, осы мағыналармен қоса, жаңа жылдың алғашқы айының атын да толық қамтиды.Қазақ елінде атаулы мейрамды тек өз елінің азаматтары ғана емес,басқа ұлт өкілдері де ерекше қуанышпен қарсы алады.Сол сияқты біздің академиямызда оқитын Тәжікістан елінің азаматтары да ең алғашқы наурыз мейрамын тойлап,қазақ елінің салт-дәстүріне қанық болды.Қостанай қаласында өткен дүбірлі наурыз мейрамы ерекше сайыстарымен ,әр түрлі ойындарымен есте қаларлықтай естеліктерімен керемет көңіл-күй сыйлады.Мереке барысында таныстыру ретінде курс басщылығы да бірге шықты.Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен, ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспенат жарысымен жалғасып кете беретін де, кешке қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталды.Тәжік елінің азаматтары еліміздің салт-дәстүріне қанық болып,наурыз көжеден дәм татып,ерекше бағасын берді.Бұл мейрам бүкіл ұлтқа ортақ.Тегінде Наурыз ұлт мейрамы болғандағының үстіне оның тарихи маңызының тереңдігі бар.Ызғарлы қыстың кетіп,жан йесі өмір қуатын туғызған жыл,жаздың келетіндігіне барлық жаратылыспен қатар қазақ елін  де қуанатты.





1 курс курсанты полиция қатарындағы Бакбаева Аида