Академияда Наурыз мерекесі мерекеленді

2019 жылдың 20 наурыз күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өткізілді.

 Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз — Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген.

Қазақстан халқы үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды

айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурыз — көктемгі жаңарудың, махаббаттын, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол — өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Наурыз –достық пен еркіндіктің мерекесі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов: «Үлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймын. Наурыз – жаңа күннің жаршысы, көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Сіздерге елімізді өркендетуге, халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған алқымды шараларды жүзеге асырудағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым табысты болып, барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп, сөзін тәмамдады.

Іс-шара барысында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мақсатында «Үздік аудармашы» сайысында жүлделі орын иеленген қызметкерлер грамотамен марапатталды.

Наурыз мерекесі қуаныш айғағы ретінде  шашу салтанатты дәстүрінен басталды. Академия қызметкерлері ұлттық киімді киіп, көрермендерге шашу тарту етті.

Биыл, Академияның бөлім, бөлімше және кафедра қызметкерлері алты командаға бөлініп, фестиваль түрінде көрермендерге ұлттық дәстүрмен ән-шашу нөмірін тарту етті.

 Әз-наурыз, Наурыз, Бәйшешек, Жігер, Альянс және Мерей атты командалар болып бөлінді.

Аталған ісшараға Академия курсанттары да ән-шашу ретінде, домбыра тартып, ән шырқап,  Қара жорға биін биледі.  Осы жерде айтарым, «Қара жорға» — қазақтың халық биі, қазақ биінің төресі, атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз. Бүгінгі таңда  бала-бақшадағы кішкентай бүлдіршіндерден бастап жастарға дейін қара жорға биін билейді. Бір қызығы — бұл бидің адам денсаулығына пайдасы жөнінде медицина мамандары да атсалысып, тамаша пікірлер айтып жүр.

Академия қызметкерлерін кішкентай бүлдіршіндерде Наурыз мерекесімен «Наурыз» әнін шырқап, домбырамен күй тартып, сахнада мың бұралып би биледі.

Бұл мерекенің өзгешелігі тәлім-тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттың, қадір-қасиеттілік нышан белгілері тән таным-ұғымдарының үлгі-түрлері өте көп. Оның бәрі адамды жоғары саналыққа, әдептілікке, өнегелікке, бауырмалдылыққа, көрегенділікке, білімділікке баурайды. Наурызды әр халықтың асыға күтетіні де осыдан болса керек.

Бүгінгі мерекелік іс-шараға жиналған көрермендер көңілдері қуанышқа толы болды.

Наурыз мерекесі құтты болсын. Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті – Наурыз мерекесі елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт — береке, бақыт пен молшылық әкелсін!

Соынмен қатар Академия басшылығын, профессорлық – оқытушылар құрамын және қызметкерлерді Наурыз мерекесімен құттықтай отыра, полиция қатарындағы 2 курс курсанты Ерболат Лашын өзінің жүректен шыққан өлеңін тарту етеді.

Наурыз- құтты болсын

Құтты болсын жаңа жыл келіп жеткен,

Сен келер деп алтын күн нұрын төккен.

Қаһарлы қыс қылышын қынына сап,

Қыс кетіп, алып келді жырын көктем.

Наурыз тіршіліктің оянғаны,

Жаңа жыл кеп құлпырды ой-арманы.

Күн жылып, төл туылып ұмытылды,

Ызғарлы суық желде таяудағы.

Болмайды бүгін мүлде жай жатуға,

Ел-жұрт болып мейрамыңды тойлатуға.

Ақ түйенің  қарыны жырылды деп,

Наурыздың көжесін қайнатуда.

Жігіттердің өнерін ортаға сап,

Арқан тартыс, қол күрес ойнатуда.

Алтыбақан киіз үйді тігіп қойып,

Айналаны осылай жайнатуға.

Дәстүрің мерекеңмен жаңғыруда,

Бақ бұйыртсын жаратқан тағдырыңа.

Бастарыңа байлық пен бақ дарысын,

Елімдегі адамдардың барлығына.




Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы