Тәжірибелік қызметкердің қатысуымен өткен сабақ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс курсанттарымен (213-214 оқу тобы) «Әлеуметтік жұмыс теориясы» пәнінен №16 «Еңбекпен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбы бойынша Қостанай әкімдігінің тұрғындарын жұмыспен қамту орталығының маманы С.С.Жараспаевамен тәжірибелік сабақ өткізілді.

Тәжірибелік сабақ барысында маман тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша әртүрлі жұмыстардың түрлерімен, оларды қалай және де қандай жұмыстармен қамтамасыз ету жөнінде, оның ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, сотталған азамат, азаматшаларды жұмысқа орналастыру бойынша курсанттарға бірталай мәліметтер берді.

Сабақ барысында курсанттар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып келген сотталғандарды, тағы да басқа қандай жұмыспен қамту түрлері бар екендігі туралы сұрақтарын қойып, оған толық жауаптар беріліп отырды.

Тәжірибелік сабақ соңында курсанттар өздерінің ойларымен бөлісіп, келген маманға ризашылықтарын білдірді.

Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы, Садыханова Ш.К.