Наурыз той — думан!

Шуағы мен нұрымен шектелмеген,
Бірге келер еліме көктемменен.
Наурыз келер ырысын алып бізге,
Күн ауысып тунімен көктерменен.

Жер құлпырып далада жайнай тұғын,
Наурыз көже қазанда қайнайтұғын.
Қоңыржайлы әз — наурыз қазағымның,
Дидарына жарықтық аумайтұғын.

Жайлауымда биелер аунайтұғын,
Жаңбыр жауып көгерер алмай тынным.
Біз білеміз қазаққа бұдан артық,
Нағыз мейрам ешқашан болмайтынын.

Тойланатын қазақта алымсақтан,
Қазағымның қоңыржай халін сақтап.
Жиналыңдар наурызға қайран жұртым,
Ауыз тиіп наурыз көже бауырсақтан.

Алтыбақан тігілсін ортамызға,
Қыз бен жігіт ойнайтын сайран құрып.
Құйыңдаршы қымыздан кеселерге,
Ожауымен сапырып айналдырып.

Бал күні үшін қазағым ғажабымның,
Бүгінгінін үрдісін қаза қылдым.
Киіндерші қамзолды шапанымды,
Салт  дәстүрін көрсетіп қазағымның.

Ат шаптырып домбыра күмбірлетіп,
Тігейікші киіз үй үйіп тұрып.
Асап тұрып жеңдерші қазы қарта,
Ішіңдерші қымызды құйып тұрып.

Қазағымның сусыны айран қымыз,
Бұл күндері тойлаңыз жайрандаңыз.
Құтты болсын, қазағым құтты болсын,
Наурыз атты керемет мейрамымыз!

полиция қатарындағы, 3 курс курсанты

Әділ Ильяс