Курсанттар өндірістік практикада

ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 404 оқу тобының курсанттары өндірістік практикада тәжірибе алып жатыр. Әр курсант кәсіптік бағыт бойынша жұмыс істеуде. Бекітілген жетекшілерімен бірге көптеген іс жүзінде кездесетін кәсіптік міндеттермен таныс болып, білікті маман болуға өздеріне қажетті деректерді толыққанды алуда. Практика басталғалы аз уақыт ішінде қаншама тәжірибе алып, қоғамдық тәртіпті сақтауда барынша қырағылық танытып, жетекшілерге қолдарынан келгенше көмек көрсетіп жүр. 404 топ курсанттары қазіргі уақытта өздеріне бекітілген міндеттер мен тапсырылған жүктемелерді жауапкершілікпен көтеріп, адал, мүлтіксіз қызмет атқаруда.





404 топ кураторы

полиция майоры

  Токжанов Е.Н.