Академия қызметкерлері «ҚазТест» тапсырды

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының шақыртуымен, 2019 жылдың 15 наурызында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен Қостанай облысы бойынша 3000 мемлекеттік қызметші мен бюджеттік саланың қызметкерлері «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау мақсатында диагностикалық тестілеуден өтті.

Жоспарлы түрде ұйымдастырылатын осы шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан 41 қызметкер қатысып, өз білімдерін байқап көрді.

Қазтест жүйесінің негізгі мақсаты: қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау, оларды қазақ тілін жетік білуге бейімдеу.

Диагностикалық тестілеудің нәтижесі алдағы жақын күндері белгілі болады. Тестілеуге ұйымдасқан түрде қатысқан қызметкерлерге алғыс білдіреміз.

МТБ инспекторы  Б.Нұрбекова