Тәжірибелі маман-болашақтың кепілі

Өндірістік тәжірибе-білім алушылардың таңдап алынған мамандығы бойынша кәсіби тұрғыдан өз біліктіліктерін нығайту мен дағдыларды үйретуді көздейтін  мамандар даярлаудың басты құрамды бөлігі. Тәжірибеде курсанттар тек қана өз білімдерін сынап қана қоймай, сонымен қатар өз саласында шыдамдылық пен адами қасиеттерін дамытуға арналған қолайлы жағдай болып табылады. Айта кетерлік, 2019 жылдың 18 ақпанында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 4 курс курсанттары үшін болашақ қызметін айқындайтын шешуші күндердің бірі болды.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД 8 курсант жолдама алды. Өндірістік тәжірибеге іріктеу барысында, 1 курсант Арқалық қаласындағы түрмеге, ал 7 курсант Қостанай облысы Әулиекол ауданы Құсмұрын поселкісіндегі «УК 161/4 мекемесіне» жіберілді. Олар келесідей лауазымдарға бекітілді: Кушекбаев Әлішер мен Кулумбаев Асқар жасақ бастығы, Калмурзин Данияр жедел уәкіл қызметкері, Кадесов Азамат режим бөлімінің жедел уәкілі,  Тулеуова Қымбат режим бөлімінің жедел уәкілі, Досанова Зарина арнайы есеп бөлімінің қызметкері, Серикбаева Айдана аға инспектор-психолог қызметкері.

Мен, Серикбаева Айдана Канаткызы «Ішкі істер органдарына арналған педагогика және психология» мамандығы бойынша 4 курс курсантымын. Таңдаған мамандығым бойынша УК 161/4 мекемесіндегі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің (ОВСПРСО) аға инспектор-психологы лауазымына бекітілдім. Мекемеде 3 психолог жұмыс істейді. Олардың 2 аттестацияланған қызметкерлер, 1 аттестацияланбаған. Психолог қызметкелері жасақ бойынша сотталғандармен және жеке мәселесі бойынша сотталғандармен жұмыс жүргізеді. Негізгі басты мақсат сотталғандарға моральды тұрғыдан жәрдем ету, сонымен қатар жаңа ортаға бейімделуге және психологиялық тұрғыдан көмек көрсету. Қылмыстық атқару жүйесінде психолог қызметінің ерекше рөл атқаратынын айта кету қажет. Себебі, олар тек жазасын өтеп жатқан тұлғалаларға ғана емес, оған қоса мекеме қызметкерлеріне сотталғандардың жеке басына мінездеме бере отырып, басқа лауазымдағы қызметкерлерге бас бостандығынан айырылғандармен жұмыс жүргізуді жеңілдетеді.

Теориялық тұрғыдан алған білімді тәжірибеде қолдана отырып, әрбір курсант таңдаған мамандығын терең игереді. Өндірістік тәжірибе-әрбір білім алушыға өз мамандығының маңыздылығы мен қажеттілігін түсінуге мүмкіндік береді және оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.

4 курс курсанты, полиция сержанты

Серикбаева А.К.