Курсанттардың  пробация қызметінің жұмысымен танысуы

2019 жылдың наурыз айының 11-15 аралығында күндізгі оқыту факультетінің  2 курс курсанттарымен тәжірибелік бағыттағы оқудың қағидасын дамыту мақсатында, тәжірибелік қызметке жоғары деңгейде бейімделуі үшін Қостанай облысы бойынша ҚАЖД-нің Қостанай қаласының пробация қызметінде көшпелі сабақ өткізілді. Сабақ барысында курсанттар пробация қызметінің күнделікті жұмыстарын көріп, сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларын тексеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған сотталғандардың істерімен танысты. Шығу сабағындатәжірибелік қызметкерлер курсанттармен көп қызықты мәліметтермен бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып өтті. Болашақта білімді, батыл,төзімді, болу керектігіне тоқталды.


Қорыта айтсақ, көшпелі сабақтың болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару

құқығы  және криминология

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

М.Қалқаманұлы