Академияда «Қазақ күресі» спартакиадасынан палуандар белдесті

«Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады».

 Н.Ә.Назарбаев

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биылғы жылды «Жастар жылы» деп ел жастарына көп үміт артатындығын білдірді. Соған орай барша кеудесінде оты бар, жүрегінде жалыны бар әрбір жасымыз әрекет етуіміз керек.  Елбасымыз қойған осы бір ұран осы ұстанымды жетекшілікке ала отырып, еліміздің әр қиырында көптеген жарыстар, додалар, іс-шаралар өткізіліп жатыр.



«Жастар жылын жариялау туралы» Мемлекет басшысының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 784 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамы арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі білім беру ұйымдарының ауыспалы құрамының арасында спартакиаданың бірінші кезеңі ағымдағы жылғы наурыздың 15-і күні Қазақстан  Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында  аталмыш бағытқа байланысты әр қалада шоғырланған  ІІМ-нің оқу орталықтары және жоғары ведомствалық оқу орындары арасында  «қазақ күресі» спартакиадасы өткізілді.







Бүгінгі таңда Қазақстанда қазақ күресі бұл жекпе-жек үлкен сұранысқа ие.  1938 жылдан бері республикалық жарыстар бағдарламасына кірсе, 2016 жылы ЮНЕСКО қазақша күресті адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. Қазақ күресі —қазақтың ұлттық күресі. Бұл спорт түрі  адамды төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, тез ойлануға машықтандырады.





Қазақ халқының осындай тамаша іс-шарасына ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, ҚР ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институты, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан Петропавл қаласының әскери институты, Теміртау, Павлодар және Қостанай қалаларының оқу орталықтары, сонымен қатар өзіміздің шаңырағымыз ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының палуандары өз өнерлерін көрсетті. Қай оқу орнының палуандарын алсаңда әрқайсысы өз алдына мықты, әрі байсалды, спартакиадаға жоғары дайындықпен келген спорт шеберлері.   Қазағымның төл өнері қазақ күресінен өтіп жатқан бұл жарысымызда  9 команда мүшелері бой көрсетіп жүлделерді сарапқа салды.





Салтанатты іс-шараны өткізуді өз жетекшілігіне алған академиямыздың бастығы полиция генерал-мойоры Мирлан Ахмедияұлы  Қызылов өзінің ізгі сөзінде мұндай ауқымды жоғары дәрежедегі іс-шара біздің академиямызда өтіп жатқанына қуанышты екенін айтып, палуандарға жүрекжарды лебізін білдіріп, сәттілік тіледі. Сонымен қатар «Қазақ күресі» палуандарына ҚР ІІМ Арнайы және жұмылдыру даярлығы  департаментінің аға инспекторы полиция майоры А.Б.Бейсенгалиев, «Динамо» Дене шынықтыру-спорт қоғамының  Қостанай облыстық филиалының бастығы  В.В.Черняев палуандарға жеңіс тіледі.


Әр палуанымызды ұлттық дәрежедегі төреші К.Исмагулов және  I дәрежедегі төрешілер Е.Кабидуллинов, М.Абдуайтов, Е.Шакиров оң бағаларын беріп төрелік етті.

Спартакиада «Qazaq kuresi» халықаралық федерациясының қағидаларымен 66кг., 74кг., 82кг. және +82 кг. жоғары салмақ дәрежелерінде өткізілді. Команда құрамы: 4 қатысушы және 1 команданың өкілінен құрылды.

Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қазақ палуандарымыз күш сынасып, көрермендерге  қазақ күресінің  әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолданып, өзара күш сынасты. Осы аталған іс-шараның бірінші кезеңі, яғни «қазақ күресі» Қостанай академиясында, екінші кезеңі Президенттік көпсайыс Қарағанды академиясында және шағын футбол Алматы академиясында ұйымдастырылып өткізіледі.  Аталған Академиялар «Динамо» ДШСҚ өңірлік филиалдарымен бірлесе  жүргізіп отыр.

Командадағы қатысушылар спорт шеберлері және республикалық, облыстық өңірлерде өткізілетін іс-шаралардың жүлдегерлері. «Қазақ күресі» спартакиадасын көруге жиналған қонақтар мен курсанттарымыздың көз айымына айналған академиямыздың  мың бұралған  бишілер ұжымы би билеп, оқу орнымыздың тәрбие жұмысы бөлімінің білікті маманы Тимур Тулыбаев және 1- курс курсанты Төлеу Ақтөренің орындауында палуандардың бойына патриоттық рухын ұялататын «Атамекен» әні шырқалды.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Қостанай облысы Аманкелді ауданының Құрметті азаматы, әнші-сазгер, Қалибек Дерипсалдин басқарған академиямыздың домбырашылар оркестрі өз өнерлерін көрсетті. Осылайша  жарысымыздың қазақы нақыштағы атмосферасын жандандыра түсті.

Осы жарыс барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұлан әскери институтының Денешынықтыру және  спорт кафедрасы бастығының орынбасары  подполковник Еркін Абаханұлы Матеевтен сұхбат алған болатынбыз. Е.А.Матеев: «Қазақ елінің төл спорты «қазақ күресі» жарысынан Ұлттық Ұлан әскери институтының палуандары  66кг, 82кг. және  +82кг жоғары салмақта күш сынасып жүлделі орынды иеленді.

Іс-шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын және спортты насихаттау,  спорттың қызметтік-қолданбалы және ойын түрлерін таныту, спорттық шеберлік пен біліктілікті арттыру болып табылады.

Аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізіп отырған Қостанай академиясының басшылығына алғысымызды білдіреміз. Жастар арасында осындай тамаша қазақ спорттары жиі-жиі ұйымдастырылып отырса, нұр үстіне нұр!», деп сөзін тәмамдады.

Жарыстың қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды.

66 кг салмақ дәрежесінде:

I орын — Оразбек Ержан – Ұлттық Ұлан әскери институты;

II орын — Берік Ерік – М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын — Бойрабай Фақриддин – Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы;

III орын — Раимханов Қамбар – Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

74 кг  салмақ дәрежесінде:

I орын — Мейрханов Нурасыл — Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

II орын — Касылжанов Ерасыл — Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

III орын — Әлімбеков Бибатыр — М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын — Бакзалбаев Гасырбек — Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы;

82 кг салмақ дәрежесінде:

I орын — Уринбеков Нуржигит — Ұлттық Ұлан әскери институты;

II орын — Құрманғалиев Бауыржан – Теміртау қ. оқу орталығы;

III орын — Жарқынбек Бәқдаулет – Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы;

III орын — Ахметов Ерасыл — Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау техникалық институты;

+82 кг салмақ дәрежесінен жоғары:

I орын — Сәбит Жан — Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы;

II орын — Сұлтанов Әбілсеіт — Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау

техникалық институты;

III орын — Пірназар Әділбек — М.Есболатов атындағы Алматы академиясы;

III орын — Бақочонов Идрис — Ұлттық Ұлан әскери институты.

Сонымен қатар жалпы командалық жүлделі орындар бойынша:

I орынды  Төтенше жағдайлар жөніндегі Комитетінің Көкшетау

техникалық институтының командасы;

II орынды  Ұлттық Ұлан әскери институтының командасы;

III орынды  Теміртау қ. оқу орталығының командасы иеленді. Жоғарыда аталған әртүрлі салмақтағы палуандарға дипломдар мен медальдар, кубоктар табыс етілді.

Сонымен қатар аталған іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгендері үшін Қостанай академиясының, «Динамо» ДШСҚ өңірлік филиалының өкілдері мен төрешілер дипломдармен марапатталды. «Қазақ күресі» спартакиадасы бойынша қорытынды марапаттаулар Алматы қаласында өткізілетін болады.

«Қазақ күресі» палуандарына спорттың биік шыңдарынан көрініп, құрыштай берік денсаулық, спорт саласының дамуына жаңа қарқын беруге, жаңа жетістіктер тілейміз. Сонымен қатар палуандарымыз өздерінің жинаған мол тәжірибелі әдіс –тәсілдерін құқық қорғау қызметінің имиджін  арттыруға  және азаматтардың заңды құқықтарын қорғауына бағыттайды деп сенімдеміз.





Баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы

О.Уақпаева

УСПЕШНОЕ ПРОВЕДЕНИЕ ПЕРВОГО ЭТАПА

 

Во все века будущее страны было за молодежью. Конкурентоспособное поколение невозможно вырастить без должных усилий в ходе воспитания. Именно этому сложному и трудоемкому процессу уделяется огромное внимание со стороны Президента Республики Казахстан Нурсултана Абишевича Назарбаева. Объявив 2019 год «Годом молодежи» он непременно открыл перед молодежью новые горизонты возможностей. Стоит отметить, что будущим правоохранителям наших граждан выпала честь одним из первых приступить к реализации идей нашего Елбасы.

В рамках исполнения Плана мероприятий по реализации Указа Главы Государства «Об объявлении Года молодежи» 15 марта 2019 года Костанайской академией МВД РК им. Шракбека Кабылбаева была организована спартакиада среди учащихся ведомственных учебных заведений Министерства внутренних дел Республики Казахстан по национальному виду единоборства «қазақ күресі».  «Қазақ күресі»  являясь одним из древних видов спорта у казахов, не только не утратил свою актуальность в современном мире, но и легло в основу боевой и физической подготовки сотрудников правоохранительных и специальных государственных органов.

Целью данного масштабного мероприятия является пропаганда  здорового образа жизни и спорта среди учащихся ведомственных организаций образования и популяризация служебно-прикладных и игровых видов спорта.

В соревнованиях состязались 9 команд-участников, представляющие такие учебные заведения, как Костанайская академия им.Ш.Кабылбаева, Алматинская академия им. М.Есболатова, Карагандинская академия им. Б.Бейсенова, Актюбинский юридический институт им. М.Букенбаева, Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям, Военный институт Национальной гвардии, учебные центры городов Темиртау, Павлодар и Костанай.

На торжественной церемонии открытия участникам предоставилась возможность насладиться творчеством курсантов просмотром концертной программы на базе университета культуры Академии.

Участникам соревнований слова поздравления и напутствия выразили начальник Костанайской академии МВД РК им.Ш.Кабылбаева генерал- майор полиции Кызылов М.А., старший инспектор Департамента специальной и мобилизационной подготовки МВД РК майор полиции Бейсенгалиев А.Б., начальник Костанайского областного филиала ОО ФСО «Динамо» Чернявский В.В.

Высококлассное судейское сопровождение обеспечивали судьи-профессионалы под руководством судьи национального уровня Исмагулова К. и его секретаря Сорокина И., а также судьи I категории Кабидуллинов Е., Абдуайтов М., Шакиров Е..

Единогласным решением судей лучшими в весовой категории 66 кг стали:

I место — Оразбек Ержан – Военный институт Национальной гвардии;

II место — Берік Ерік — Алматинская академия им.М.Есболатова;

III место — Бойрабай Фақриддин — Карагандинская академия им.Б.Бейсенова;

III место — Раимханов Қамбар — Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям;

В весовой категории 74 кг отличись:

I место — Мейрханов Нурасыл — Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям;

II место — Касылжанов Ерасыл — Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям;

III место — Әлімбеков Бибатыр — Алматинская академия им.М.Есболатова;

III место — Бакзалбаев Гасырбек — Карагандинская академия им.Б.Бейсенова;

Призовые места в весовой категории 82 кг распределились следующим образом:

I место — Уринбеков Нуржигит — Военный институт Национальной гвардии;

II место — Құрманғалиев Бауыржан – учебный центр г.Темиртау;

III место — Жарқынбек Бәқдаулет — Костанайская академия им.Ш.Кабылбаева;

III место — Ахметов Ерасыл — Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям;

Самыми сильными в весовой категории +82 кг стали:

I место — Сәбит Жан — Костанайская академия им.Ш.Кабылбаева;

II место — Сұлтанов Әбілсеіт — Кокшетауский технический институт Комитета по чрезвычайным ситуациям;

III место — Пірназар Әділбек — Алматинская академия им.М.Есболатова;

III место — Бақочонов Идрис — Военный институт Национальной гвардии.

По итогам распределения призовых мест общекомандное:

 I место заняла команда Кокшетауского технического института Комитета по чрезвычайным ситуациям;

II место заняла команда Военного института Национальной гвардии;

III место заняла команда учебного центра г.Темиртау;

Также были награждены дипломами за организацию и проведение спартакиады руководство Академии, ОО ОФО «Динамо» и судьи.

Искренне надеемся, что спортсмены направят весь свой потенциал на защиту прав, свобод и законных интересов граждан и укреплению имиджа правоохранительной службы Республики Казахстан.

младший сержант полиции,

курсант 3 курса Абдуллаева Динара