«Үздік аудармашы» сайысы

Мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мақсатында «Үздік аудармашы» сайысы Академия бөліністері қызметкерлерінің арасында 2019 жылғы 13 наурызда №1 дәріс залында өткізілді.

Сайыстың мақсаты Академияда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейте отырып, өзге ұлт өкілдері арасында оны кеңінен насихаттау және қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің әлеуетін арттыру.

Терминдер әлемі, күнделікті қолданылатын сөз тіркестері мен құрылымдық бөліністердің атауы және латын қаріпті мәтін бөлімдерінен тұрған сайысқа өзге ұлт өкілдері қатысты.

Бұл қызметкерлердің латын графикасындағы мәтінді оқып-түсінуге жасаған қадамдарының бірі болды.

Әділқазылардың шешімі бойынша жоғары ұпай санымен 1 орынды кадр жұмысы бөлімінің бас маманы полиция подполковнигі Брылевская Татьяна Викторовна иеленді. Жинаған ұпай санымен сәл қалыс қалған қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Максим Вячеславович Олексюкке және психологиялық жұмыс орталығының инспекторы полиция капитаны Аужанова Ольга Александровнаға екінші орын бұйырды. Ал 3 орын қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушысы полиция майоры Александра Юрьевна Тимощенко мен Ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының оқытушысы полиция капитаны Александра Анатольевна Бабичке берілді.

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің инспекторы Б.Нұрбекова