Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті  

2019 жылы 6 күні Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасында «Шериф» ғылыми отырысы өтті. Аталған отырыста курсанттарға ғылыми хабарламалардың тақырыптары ұсынылды, кафедра оқытушылары ғылыми жетекшілері болып тағайындалды және әр – түрлі бағыттарда сұрақтар қарастырылды.

Сонымен қатар курсанттардың ғылыми конференцияларға қатысуы үшін «Шериф» ғылыми үйірмесінің ғылыми мақалаларын дайындау, 3 курс курсанттарының арасында «ХХ1 ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізу  және респуликалық, облысаралық конкурстарға  қатысу үшін  ғылыми баяндамаларды  уақыттылы және сапалы түрде дайындау туралы хбардар етілді. Отырыс соңында барлық сұрақтар жинақталды.