Теория мен тәжірибе ұштастығы

Курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибелік бағытта нығайту мақсатында курсанттардың оқу сабақтарына тәжірибелік қызметкерлер шақырылады. Кезекті тәжірибелік қызметкерлермен кездесуге криминология пәні бойынша «Жәбірленуші тұлғасы, виктимологияның криминологиялық аспектілері» тақырыбында Қостанай академиясының ғылыми және педагогикалық магистратурасының 1 курс магистранттары, әділет подполковнигі Бакыт Наурызбаев және полиция капитаны Мадина Даулеткалиева қатысты.

Тәжірибелік қызметке ондаған жылды арнаған магистранттар курсанттарға тақырыпқа сәйкес қылмыстылық, жәбірленуші, қылмыскер түсініктеріне сипаттама берді. Сондай-ақ, курсанттардың тәжірибедегі қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, оқиғаларымен бөлісті.


Тәжірибелік қызметкерлер қатысқан кезекті тәжірибелік сабақ өте қызықты, танымды өтті.

Курсанттар өз тараптарынан сабаққа қатысып, тәжірибесімен бөліскен магистранттарға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, курсанттар осы сынды тәжірибелік қызметкерлердің қатысуымен өткізілетін сабақтардың жиі өткізілуін қалайтындықтарын білдірді.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы,

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат


 

«Ұмытылмас тұлға»

Екі мәрте ішкі істер министрі болған әйгілі генерал Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың туғанына биыл 111 жыл толды.

Күндізгі оқыту факультетінің 201 оқу тобының курсанттарына 2019 жылдың 9 наурызы күні мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР ішкі істер министрі, генерал-лейтенант, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың 111-жылдық туған күніне арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шара басы Қостанай академиясына құрметті аты берілген Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың өмірбаяны мен еңбек жолын баяндаудан басталды. Одан әрі Ш. Қабылбаевтың өмір жолы баяндалған фильм көрсетілді.

Іс-шара соңы Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаевтың ескерткішінің жанында суретке түсумен аяқталды.

,

 

201 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат