«Алтын алма, алғыс ал»

Алғыс- қазақ халқының ұлттық танымындағы ізеттіліктің бір түрі. Әрқашан қазыналы  еліміздің  қоржыны алғыс алумен тола берсін. 1 наурыз күні- Алғыс айту күні ретінде аталып өткен болатын. Осы мереке аясында 2019 жылдың 1 наурыз күні 102 оқу тобының курсанттарымен кураторлық тренинг өткізілді. Өткізу мақсаты, қарым- қатынас деңгейлерін дамыту, «сыйластық» құндылығы жайлы түсініктерін кеңейту, қолайлы атмосфера орнату, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту, взводта сыйластықты жақсарту, әдептілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Өткізу барысында көптеген қызықты да, түрлі жағдаяттарда алғыс айту, сырлы сұхбаттар, қызықты жайттар орын алды. Қазақ халқында неғұрлым алғыс көп алған адам бақытты болады деген ұғым қалыптасқан. Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән- мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді. Алғыс айту күні — күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні. Бұл күн, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсету күні.

Қорытынды жасау барысында, мақсатталған  жоспарлар іске асырылды. Жалпы мұндай тренинг іс- шаралар курсанттар үшін ой- сананы дамытып, ілгері жылжытуға үлкен септігін тигізетініне сенімдімін. Тренингте 102 оқу тобы өздерінің ұйымшылдығының жоғары деңгейімен, сыйластығымен мені таң қалдырды. Отанға, елге деген патриоттық сезімдерін таныта білді. Бұл оқу тобымен өткен тренинг іс — шара өте қызықты, жоғары деңгейде болып өтуімен есте қалады деп ойлаймын.

Мемлекеттік- құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы,

102 топ кураторы

полиция майоры

Карымсакова Д.Т.