ҚАСИЕТТІҢ АЛТЫНЫ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Өмірде барлығы біз ойлағандай жаксы немесе мінсіз бола бермейді, сондықтан өмірдің бұрмалаң да қиын жолдары мен кезеңдері әр адамды әбігерге салатын кездері болып тұрады.

Жаратушының пендесіне қалаған сынағы шығар, бірақта деміккенге демеу болып, қиналғанға қамал болу және де аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну адамзаттың басты парызы деп есептейміз.

Өзінің кемел елінің, Қостанай облысының мерейін үстем етіп жүрген спортшы, еркін күрестен спорт шеберіне үміткер Динара Иманбаева әпкеміз, бүгінде бір ауыр сынақтың алдында тұр, Құдай қалап дертінен құлан таза айығып, арамызға қайта қосылуына сенеміз.

Қайырымдылық пен жанашырлық қазақ халқымыздың ең ізгіде көрнекті қасиеттерінің бірі емес пе. Біреу қиналғанда қол ұшын созу, оны демеу, ауырғанға, қамыққанға зиярат етіп, хәлін білу ол адамгершіліктің ең үлкен белгісі ғой. Сол себепті Қостанай облысы спорттық самбо және жауынгерлік самбо федерациясының басшылығы мен жаттықтырушыларының бастамасымен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшы құрамы, соның ішінде тәрбие жұмысы бөлімі мен жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының қызметкерлер құрамы ағымдағы жылдың 1-3 наурыз аралағында Қостанай облысы чемпионатының аясында «Палуандар бір-бірін қолдайды» атты Динара Иманбаеваға қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Аталмыш акцияға өз үлесін қосып ұйымдастырушылар қатарында Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшылығы бой көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желінің дамыған заманы болған себептен, осындай акцияларға бейжай қарамайтын бір қатар аға-апаларымызда шетте қалған жоқ. Аталмыш желі арқылы халыққа үндеу жасап, акцияны қолдауға шақырған самбо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Асылбек Алькей, дзюдо күресінен Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дидар Хамза сынды ағаларымыз Қазақстан халқын осы іс-шарамызға қолдауға шақырды. Тек, елімізде ғана емес, сонымен қатар Украина елінің Еңбек сіңірген спорт шебері, әйгілі «Партер күші» жобасының авторы және жүргізушісі, Васильчук Иван Юрьевич сынды самбо күресінің майталманыда ниетімізді қолдады.

Осылайша жұдырықтай жұмылған ұйымдастырушыларға қол ұшын созып көмегін көрсеткен жанашырларда аз емес. Жүрегінде жылуы бар тұлғалардың істеген жұмыстарының арқасында іс-шара жоғары деңгейде өткізіліп бірқатар адамдарды мейірімділікке, қайырымдылыққа шақырды.

Сонымен қатар жарыс барысында Қасен Айкүнім Шешенғарақызы Динара әпкемізді қолдау үшін отбасы және жолдастарымен қосылып «My_Moon_Sun_Мейірімді_Жүрек» атты іс-шарада әр түрлі торттар, көптеген тәтті тоқаштар және спортшыларды қуаттандыратын тағамдар әзірлеп, сайыс барысында көрермендер мен спортшыларға ұсынды. Айкүнім апамыздың жасаған адал ісінің басты мақсаты барлық жиналған қаражатты Динара сіңлісіне арналған қолдау жәщігіне салу болатын.

Және де додамызды қолдап, демеушілік көрсеткен «Вот Так» жарнама агенттігінің директоры Троян Юрий Станиславович жарнамалық банерлерді жасап, қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.

Осындайда ауызбіршілік таныта білген аға-апаларымыз аз емес. Аталған тұлғаларымыздың ұйымдастыруындағы сайыстың басты ниеті түскен қаражаттың барлығын Динара әпкеміздің еміне жұмсап, «көп түкірсе көл» дегендей пайдасы болатынына сеніміміз мол.

Ашылу салтанатындағы алғашқы сөз кезегінде Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов палуандарға сәттілік тілеп, бұл акцияның маңызы зор, әрі орынды екенін айтып, толығымен қолдайтынын білдірді. Құрмет төрінде болған қонақтар өздерінің ізгі лебіздерін айтып, үлесін қосып, спортшылардың спорттық шеберлігін сүйсіне тамашалады. Ал спортшылар бір жағынан жарыстың жалынын жандыра түссе, екіншіден аталмыш іс-шараға үлесін қосып белсене ат салысты.

Сонымен қатар елім қазак, аламан дода, спортты ғана емес, өнерді де сүйетін халық емеспе, осыған орай жарысымыздың ашылу салтанатында Қазақстан Республикаының еңбек сіңірген қайраткері Қалыбек Дерипсалдин басқарған  Академиямыздың домбырашылар ансамблі күмбірлеген күйімен, Сулейменова Алия Маратқызының жетекшілігімен «Индиго» хареографиялық студиясы қалалық балалар шығармашылық мектебінің мың бұралған биші қыздары мен қосылып Академиямыздың 1-курс бишілер ұжымыда өнер көрсетіп, сайысымыздың сәнін келтірді.

Елбасы «2019 жыл- Жастар жылы» дегендей жастарға көптеген қолдау көрсетіліп, қайырымдылықтың маңызы зор екенін, әркезде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бірлік пен ынтамақта болу керек екенін түсіндірді. Еліміздің ертеңі жастар екенін ұғынып, оларды тәрбиелеудегі үлкен тәрбиелік іс-шара өткізілді. Қазақстан аумағының түп-түпкірінен «Бір жағадан бас, бір жеңнен  қол шығара» білген жаттықтырушылардың ауызбіршілікте жұмыс жасағандары, бұл жастарды тәрбилеуге зор септігін тигізді. Ел ертеңі жастар болғандықтан оларды тәрбиелеу аға буынның басты парызы. Осындай шараларды көріп жүректері мейірімге бөленіп, үлгі-өнеге алып, келешекке деген қадамын нық басатынына сеніміміз мол.

Сайысқа 12 команда 9 салмақ дәрежесінде қатысып, бақтарын сынап, өздерінің бабында шынығып жүрген, бәйгеде алдыңғы қатарда көрінетін хас тұлпардай мықтылары ағымдағы жылдың 4-8 сәуір айында еліміздің шығыс өңіріндегі Семей қаласында өтетін Республикалық додада бақтарын сынап көруге мүмкіндік алады.

Сайыс қорытындысы бойынша өздерін озық танытып жүлделі орын алған палуандар:

Жүзден жүйрік атанған жүлдегер спорттық самбошылар

52 салмақ дәрежесінде

1-орын Джанай Аслан

2-орын Абдіқұл Нұрзат

57 салмақ дәрежесінде

1-орын Балтабаев Ақжол

2-орын Молдрахметов Наурзбек

3-орын Сайлауов Есболат, Кеңесхан Қысқарбай

62 салмақө дәрежесінде

1-орын Жұмабеков Нұржан

2-орын Шарип Ербол

3-орын Мояк Никита, Жақсылық Шынғыс

68 салмақ дәрежесінде

1-орын Товбоев Нұрбол

2-орын Тоқтамысов Даурен

3-орын Сұлтанбек Райымбек, Сағатов Айбын

74 салмақ дәрежесінде

1-орын Балтабаев Асқар

2-орын Мешетбай Берік

3-орын Баданов Абил, Саденов Ербол

82 салмақ дәрежесінде

1-орын Темірбаев Ержан

2-орын Салауат Бекзат

3-орын Жанбыршы Әділет, Битенов Чингиз

90 салмақ дәрежесінде

1-орын Кунаков Газиз

2-орын Узбеков Азамат

3-орын Ануаров Жолдасбек, Омаров Еркебұлан

100 салмақ дәрежесінде

1-орын Сапаров Темірлан

2-орын Жұмағали Алмас

3-орын ӘшімНұрсылтан, Ерқасым Нұрдаулет

+100 салмақ дәрежесінде

1-орын Жиентаев Талғат

2-орын Сабит Жан

3-орын Сейдазимов Данияр, Арыков Асхат

Жауынгерлік самбодан мыңнан тұлпар атанған палуандар:

52 салмақ дәрежесінде

1-орын Тасанов Алтынбек

57 салмақ дәрежесінде

1-орын Файзолла Данияр

2-орын Әлкеев Данияр

3-орын Қонысбек Айдын, Сайлауов Есболат

62 салмақө дәрежесінде

1-орын Беспаев Арман

2-орын Тынымбаев Сабит

68 салмақ дәрежесінде

1-орын Жакенов Нұрсұлтан

2-орын Жаманқараев Аманбек

3-орын Музаффаров Фаридун, Ұштаев Дияс

74 салмақ дәрежесінде

1-орын Кулик Артем

2-орын Білім Әлібек

3-орын Өсербай Құлмахан,Әуелбек Нұрдаулет

82 салмақ дәрежесінде

1-орын Сейдрахманұлы Жұмахан

2-орын Кусайнов Нұрканат

3-орын Сақтағанов Нұрлан,Каденов Арыстан

90 салмақ дәрежесінде

1-орын Омаров Еркебұлан

2-орын Букенов Әлібек

3-орын Ізтілеуов Нұрбол,Мергенбаев Асылхан

100 салмақ дәрежесінде

1-орын Темірбаев Әлібек

2-орын Бигельдин Мейрам

Жалындаған көздерінде оты бар,

Палуандарым тек биікке ұмтылар.

Жығылса егер арамызда біреуі,

Тастамайтын қазақ деген ұлты бар.

Батыр елім қиындықта тастамас,

Рухты елім мың бір жылда бір туар.

Қайырымдылық қазағыма жат емес,

Жұдырықтай жұмылатын жұрты бар.

Қарындасын қолдау үшін жасалған,

Бұл сайыстың мағынасы тереңде…

  

 













Жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының

аға оқытушысы

полиция майоры  Ержан Кабидуллинов

3 курс курсанттары Ільяс Әділ

Аслан Алнашов

2 курс курсанты Диана Баекенова

1 курс курсанты Мағжан Қалмақбаев