Тәжірибелік қызметкермен кездесу

Курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибелік бағытта нығайту мақсатында оқу сабақтарына біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары — тәжірибелік қызметкерлер: Шымкент қ. бойынша және Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменттерінің қызметкерлері  әділет полковнигі К.Ж. Аганин және әділет майоры Б.Т. Қуандықов қатысты. Олар Күндізгі оқыту факультетінің 201, 202 және 208 оқу топтарында өткізілген  сабақтарына қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.  

Сабақ барысында қызметтің ыстығы мен суығынан өткен тәжірибелік қызметкерлер курсанттарға өз қызметтері жайында баяндады. Сонымен қатар, олар курсанттардың назарына қылмыстық-атқару жүйесі бойынша қызмет барысында қолданылатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданылуы жайында айтты. Сонымен қатар заңнамадағы соңғы өзгерістердің тәжірибеге енгізілуі туралы айтып өтті.

Сабақты қызықты және қыздыра өткізген тәжірибелік қызметкерлерге курсанттардың қояр сұрақтары да аз болмады және сұрақтарына толық және түсінікті жауап алды.

Сабақ соңында курсанттар тәжірибелік қызметкерлерге өз алғыстарын білдірді.

ҚҚАҚжК кафедрасының оқытушысы,

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат