Шығу сабағы ұйымдастырылды

2019 жылдың 26 — 28 ақпан аралығында күндізгі оқыту факультеті 3 курсының 308, 309 және 310 оқу топтарымен әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасы доценті полиция полковнигі Ж.С. Жәкеев және кафедра аға оқытушысы С.В. Корнейчук ұйымдастыруларымен Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне шығу сабағы өткізілді.

Курсанттар Қостанай қалалық ІІБ әкімшілік қамауға алынғандар мен белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдайтын арнайы қабылдау мен қабылдау-тарату орнына барды.

Сабақ барысында курсанттар, көрсетілген арнайы мекемелердің қабылдау және ішкі тәртібімен, жүргізілетін жұмыстарымен, қамаққа алынатын тұлғалар санатымен, жұмыс тәртібінің жалпы құжаттарымен танысты.

Арнайы мекемелердің қызметкерлері курсанттарға өздерінің атқаратын функционалдық міндеттері туралы әнгімеледі, сонымен қатар білім алушылар тарапынан болған сұрақтарға жауап берді.

Сабақ өз мақсатына жетті.

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет

кафедрасының доценті

полиция полковнигі    Ж.Жакеев