Курсанттар – қайырымдылық жұмыста!

         Кімге ұқсатама білмеймін қандайымды,

         Ана кеп бір иіскеші маңдайымды,

         Ақуызға толмаған таңдайымды,

         Толтырайын айтумен жағдайымды,

         Ана енді сені табу қиындады,

         Ойласам көзден жасым тиылмады,

         Алатауым, жұпарым арман болып,

Туған жерім топырағың бұйырмады — деген өлең жолдарымен жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын?  Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық. Дана халқымыз сан ғасырдан бері «Адамның бақыты- балада» деп, баласының ер жетіп азамат болуына бар өмірін арнап, жиған- тергенін балаларының жолына, қолына берген. Кез – келген адам баға жетпес бақытты ұрпағының жалғасып, өсіп –өнуін тілейтіні белгілі. Ал, қазіргі таңда кейбір жандар өз бақытын байлықтан, мансап пен қызметтен іздейтін сияқты. Соның есебінен елімізде жәутеңдеп қара көздердің саны едәуір артып, жетімдер үйі көбеюде, кейде таң қаласың, кейбір жандар балаға зар болып, күні-түні үмітін үзбей, алдағы уақытқа үміт артып тілек – тілейді.







Академия басшылығының рұқсатымен 2 курс басшылығының ұйымдастыруымен 2 курс курсанттары «Дельфин» балалар үйіне кезекті қол ұшып созып, көмек көрсетті. Қыстың аязғы, ызғарында жәутеңдеп тұрған қара көз қазақтың өскелең ұрпақтарына әрқашан жылы құшақтары мен қолдан келгенше барлық жағдайды ұйымдастырып, қолдау көрсетеді. Елбасы осы жылды, яғни 2019 жыл – Жастар жылы деп жариялап, жастардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету бағыттын ұстанып отыр. Алдағы уақытта балалар үйінің болмайтындығын алға қойып отыр, бұл бағыттың көңіл қуантатыны, болашақта әрбір дүниеге келген Қазақстандықтардың өмір сүру жағдайының жақсаратыны анық. Елбасының бағдарламаларын жүйелі және кешенді орындап, қолдау көрсетіп, насихаттап, оның одан әрі жүзеге асыратын біздің болашақ  жастарымыз.

2 курс бастығының орынбасары,

полиция аға лейтенанты

Кабылдин М.О.

полиция қатарындағы, 2 курс курсанты

Максетова Г.