ЖІҚ кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелерімен өткізген отырысынан бір сәт.

2019 жылдың 1 наурызында жедел-іздестіру қызметінің кафедрасы «алғыс айту күніне» орай кафедраның «Сақшы-На страже» ғылыми үйірмесімен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Алғыс айту күні- ұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Отырыс барысында, «Сақшы-На страже» ғылыми үйірме мүшелері қызығушылық тудырған қажетті сұрақтарды қойып, тарапынан тиісті ақпараттарды алды. Отырыс соңында ең басты деп танылған мәселелерге берілген жауаптар бойынша курсанттар өздеріне келешекте ғылыми жұмысқа бағдар етіп алды.

Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы да өздері «Алғыс айту күніне» сәйкес дайындаған мақалаларымен бөлісті. Осындағы жұмыстардың мақсатын, маңызын, мәнін және де әдіс тәсілдерінен ақпараттар берілді. Сонымен қатар, аталған зерттеу жұмысына арнайы қатыстырылған мамандар мен практикалық қызметкерлер туралы да атап өтілді. Кездесу соңында осындай ұйымдастырылған іс-шараларға риза болған «Сақшы-На страже» үйірме мүшелері алғыстарымен бірге бұл сияқты отырыстардың көп болуына тілектерін білдірді.

ЖІҚ кафедрасының курсанттардың

ҒЗЖ жауапты полиция капитаны А.А.Шаймуханов