Өз тәжірибесімен бөліскен мамандар

2019 жылдың 27 ақпанында 208 оқу  тобының курсанттары ҚАЖД   мекемелерінің  тәжірибелік қызметкерлерімен кездесуі өтті.

Құқық пен тәртіптің тиісті деңгейі жоғары сапалы қызмет көрсету және жауынгерлік дайындықпен қатар тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел және шешуші іс-қимылдарға ұйым қызметкерлерінің тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.

Курсанттарды болашақты қызметке дайындау үшін және қызметтегі бірінші қиындықтарды қалай өту үшін тәжірибелік қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтына келген  Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД КА-168/2 мекемесі сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік –психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Кубаев Кайрат Нұғметтолаұлы және Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД ИЧ-167/4 мекемесі бастығының тәрбие жұмыстары бойынша орынбасары, әділет капитаны Талғатұлы Жәнібекпен өтті. Кездесу барысында курсанттар жұмыс тәртібі туралы сонымен қатар пікірталас жүргізді.

Бұрын курсант болып, тәжірибиеге шығып қиындықты көрген және үлкен жетістіктерге жеткен қызметкерлер курсанттарға бірінші күннен оқуға деген, сонымен қатар тәртіпке деген көзқарастарын айтты. Осы Академияда алған біліміміз бұдан әрі тәжірибеде қажет болғаны туралы айтып кетті.

Сотталғандармен жұмыс істеуге байланысты мамандықты таңдаған курсанттар үшін мұндай кездесулердің оң жақтары бар. Мекеме  қызметкерлерінің жұмыс мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісті.

                                     208 топ курсанттары