Әйелдер кеңесі

Ақпан айының 28-і күні әйелдер кеңесінің мүшелерімен 1 курс жеке құрамының қыздары кездесу өткізді. Кездесу мақсаты қыз балалардың академиядан тыс өміріне және терретория аймағынан щыққаннан кейінгі дұрыс жүру ережелері, киім үлгісін сақтау жұмыстарына сараптама жасау. Кездесу барысында әйелдер кенесінің мүшелері кейбір қыздарға ескертулер жасады. Полиция майоры Мирвода Оксана Николаевна қыздарға академияда қалай дұрыс жүруді түсіндіріп, олардың киім үлгілеріне,шаштарына жалпы айтқанда сыртқы бейнелеріне түсіндірме жұмыстарын жасап өтті. Атаулы кездесу қыздар арасында тек бірінші рет ұйымдастырылып болып жатқан жоқ. Академияға алғаш қадам басқан күннен бастап,курсант қыздарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың дұрыс жүруіне септігін тигізуде. Қазіргі сәтте әйелдер кеңесімен қыздар арасындағы қарым-қатынас жақсы жақтарынан ғана суреттеліп келе жатыр. Алдағы уақытта да байланыс үзілмей жұмыс жасалатынана сенімдіміз.


полиция қатарындағы

1 курс курсанты

Бакбаева Аида