«Криминалистика» пәнінен өткізілген викторина

2019 жылдың 27 ақпанда қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасы күндізгі және сырттай оқыту факультетінің  3 курсы 308, 309, 304 оқу топтарының арасында «Тергеулік қарап-тексеру және куәландырудың тактикасы» тақырыбы бойынша викторина өткізілді.

Бұл іс-шараның өткізілу мақсаты Криминалистика пәні бойынша алған білімді толықтырып, тәжірибе жағынан дағдысын арттыру болып келеді.

Викторинамыз кафедраның ғылыми-зерттеу ізденісі жоспарына сәйкес өткізілді. Сайысқа әр оқу тобынан 10 адамнан құрастырылған екі команда қатысты. Сайыскерлердің жауабы мен білім деңгейін мына құрамдағы қазылар алқасы бағалады: қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының оқытушылары полиция майоры Н.Маханбетов, полиция капитаны Н.Коваленко және полиция аға лейтенанты Е.Кишкентаев.

Сайыс 3 кезеңде өтті: бірінші кезеңде — қатысушылар Криминалистикадан қойылған сұрақтарға жауап беру, екінші кезеңде оқиға орнын қарап-тексеру хаттамасын берілген есепке дұрыс толтыру, үшінші қорытынды кезең блиц-сұрау арқылы капитандардың сайысымен аяқталды, қатысушылар өз білімдері мен шапшаңдықтарын көрсетті.

Барлық курсанттар сайысқа белсене қатысты, өздерінің әр берген жауаптарын ҚР процесстік заңнамасы нормаларымен негіздей отырды. Үш кезеңнің қорытындысы бойынша 309 топтың командасы үздік деп танылды, 2-ші орынға 308 оқу топтың командасы ие болды, 3-ші орынды 304 оқу топтың командасы алды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар кафедра ұжымының атынан грамоталармен марапатталды.

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры Н.Маханбетов