Жас суретші көрмесінен бір сәт

2019 жылдың ақпан айының 25 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының КОФ 2 курс курсанттары 207 оқу тобымен Қостанай құрылыс колледжіне «Заманауи адамдардың портреті» атты көрмеге шығу жұмысы ұйымдастырылды. Колледж басшылығының қолдауымен өткізілген «Заманауи адамдардың портреті» атты көрменің авторы «Архитектура» мамандығы бойынша оқып жатқан 3 курс студенті Шакиров Мади. Көрмеде суретшінің отыздан астам жұмысы көрсетілген. Портреттер графикамен, акрилмен, қарандашпен және майлы бояулармен салынған.

Жас суретші жиналған қауымға өз жұмыстары жайлы айтып шықты. Портреттердің бірі қазіргі таңдағы танымал әнші Джан Халибтің майлы бояумен орындалған суретті көрмеге қойды. Мади бұл суретті көрмеге ғана шығарып қоймай өзінің интернет парақшасында жариялағандығынан да ақпарат берді. Курсанттар жас суретшімен әңгіме сұхбат құрды. Сұхбат барысында Мади  өзінің болашаққа деген жоспарларымен бөлісті.

Көрме аяқталғанан кейін курсанттарды колледж ішіндегі студенттердің жұмыстарымен таныстырды.

Педагогика және психология

кафедрасының оқытушысы

полиция лейтенанты

Ибраева Г.Х.