Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиевті еске алу кеші

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының күндізгі оқыту факультетінің 2 курс 201, 202 оқу топтарының курсанттары 2019 жылғы 21 ақпан күні қалалық ҚБ «Южный» кітапханасымен ұйымдастырылған «Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиевті еске алу кешіне» қатысты.

Еркеғали Рахмадиев қазақ ұлттық музыка академиясының профессоры, композитор, КСРО халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Еркеғали Рахмадиұлы Рахмадиев қазақ музыкасының ұлттық ерекшелігі болып табылатын симфониялық күй жанрына негіз салушылардың бірі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор Е.Г. Брусиловскийдің композициясы бойынша сыныбын бітірген.

Профессор Еркеғали Рахмадиевтің ұстаздығымен Ө. Несіпханов,
Т. Қажығалиев, С. Еркімбеков, О. Жанияров, С. Ромашенко, В. Стригоцкий, М. Тайменкеев және басқа да дарынды композиторлар консерваторияны тәмамдады. 1991 – 1993 жылдар аралығында ҚР Мәдениет министрі қызметін атқарды. Оның көркемдік тәсілі халықтық-әндік материалды қазіргі замандық музыка тілімен үндестірумен ұтады. Рахмадиевтің шығармалары: “Қамар сұлу”, “Дала таңы”, “Алпамыс” опералары, “Дайрабай”, “Құдаша-думан” симфониялық күйлері, “Аманкелді”, “Толғау” симфониялық поэмалары, “Аястан” кантатасы, “Балқаштағы кеш” хорлық поэмасы Қазақстанда және шетелдерде жақсы танымал.

Кеш соңын 202 оқу тобының курсанты, полиция қатарындағы Ерболат Лашын Еркеғали Рахмадиевтің құрметіне арнап шығарған өзінің туындысымен аяқтады.

202 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

В. Касенова

201 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

А. Мұрат