Курсанттар халықаралық дирижерлер форумын тамашалады

2019 жылдың 15 ақпан айында 1 курс курсанттары  Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясында өткен халықаралық дирижерлер форумын тамашалады.


Аталған іс-шара «Рухани қазына» кіші бағдарламасы іске асыру аясанды Қостанай облыстық филармонияның қазақ халық аспаптар оркестрінің 10-жылдығына арнап өткізілді. Қостанай қаласында  халықаралық дирижерлер форумы  үш күн бойы өткізілді. Академияның курсанттары халықаралық дирижерлер форумында елімізге ғана емес, одан тыс жерлерге аты белгілі дирижер Абзал Мұхитдинов, Жалғасбек Бегендіков, Дәурен Ғылымов, Гнесин атындағы «Душа России» орыс халық аспаптар оркестірінің бас дирижері Владимир Шкуровский атты танымал тұлғалардың өнерлерін тамашалады.


Жалпы форум барысында қазақтың ұлттық аспаптарымен сүйемелдене отырып орындалатын ежелден ата-бабамыздан мұра болып қалдырылған, күйлер мен әуендер орындалды. Форум тек қана аспаптармен күй орындаудан ғана емес, опера жанрында ән орындауды да қамтып өтті. Форумның соңында Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов өнер шеберлеріне облыс әкімі атынан алғыс айтты.

1 курс курсанты

А. Бакбаева