Кеңес әскерінің АУҒАН жерінен шығарылғанына 30 жыл

Ағымдағы жылдың 15 ақпанында Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 1 курс курсанттарымен Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайында ауған ардагерлерімен кездесу өтті. 10 жылға созылған кескілескен соғысқа Қазақ жерінен 22 269 адам қатысып, Қостанай өңірінен 70-ші жылдары Ауғанстанға «интернационалдық борышын өтеуге» 1864 жігіт аттанған еді, содан 48 боздақ өзге жерде ерлікпен қаза тапты, туған жерді қайтып көре алмады. Қазір Қостанай өңірінде 986 ауған соғысының ардагері тұрып жатыр. Осы өңірдегі ардагерлерді марапаттап бірнеше бейне роликтер көрсетіліп, құрметтелді.


Арада отыз жыл уақыт өтсе де отты жылдар салған жүректегі сызат әлі жазыла қойған жоқ. Бұл майдан енді есейген бозбалаға бауырдың жақындығын, жүректің батылдығын, бейбіт күннің қадірін ұғындырды.

Бүгінгідей бейбіт елімізде қашанда тыныш заман орнасын. Жаратқан осы беріктігімізді арттырып, ынтымағымызды берік қылсын. Аталған іс-шара Академия курсанттарының патриоттық сезімдерін қалыптастырады, отанды сүюді насихаттап, елдіктің қадірін білуге үндейді.

ӘҚ және ӘҚ кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

А.Әбдәлі