«Бұл туындылар бойынша түсірілген фильмдер» және «Ұмытылған кітаптар» атты кітап көрмелері

 Ағымдағы жылдың  15 ақпанында  Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мынадай кітап көрмелерін ұйымдастырып, өткізді.

«Бұл туындылар бойынша түсірілген фильмдер» атауымен белгілі жазушылардың туындылары бойынша түсірілген көркем фильмдер көрмесі.

Фильмдер әрқашан қандайда бір идеяға, ойға негізделген, сондықтан  ол фильмді әрқашан тартымды етіп, жандандырып отырады. Ұлы жазушылардың бірде-бір шығармасы кинематографистердің назарын өздеріне аудармай қалған емес.

Жиырма жыл бойы мағлұматтар жинап, 15 жыл қалам тебірентіп, «Абай жолы» көркем туындысына өзінің 35 жыл өмірін арнаған, «Абайтану» ғылымының негізін салушы, көркем сөздің шебері М. Әуезовтың «Абай жолы» туындысы қазақ классикасының негізі болып саналады. Осы роман-эпопея желісінде 1995 жылы Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы қарсаңында ақынның өмірі, махаббаты, шығармашылығына арналған «Абай» атты фильмі жарыққа шықты.

2005 жылы белгілі халық жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты трилогиясы бойынша қазақ-француз кинематографистері бірлесіп «Көшпенділер» фильмін түсірді.

1967 жылы түсірілген «Артымызда Москва» атты көркем фильмі «Қазақфильм» киностудиясында атақты жазушы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының кітабы мен жинақталған құжаттары негізінде түсірілген  28 панфиловшылардың ерен ерлігі туралы киноповесть.

Орыс классиктерінен ішінен аты әлемге әйгілі жазушы Лев Толстойдың «Соғыс және бейбітшілік» атты эпопеясын атап өтуге болады.

Бұл туынды 17 рет экранға түсіп, 1913 жылы дыбыссыз «мылқау» экранына шықты.

Көрмеде әлемдік туындылар бойынша түсірілген әлі де талай  фильмдер түсірілетін кітап қорының шамалы ғана бөлігі қойылды. Академия курсанттарына көрме бойынша шолу өткізіліп, қысқаша мағлұматтар берілді.

«Ұмытылған кітаптар» атты кітап көрмесінің негізгі мақсаты: кітапханадағы қазақ, орыс, шетел классиктерінің көркем әдебиеттерін насихаттау, ұмыт бола бастаған туындыларды қайта оқуға шақыру, кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Бір қызығы — Ұмытылған кітаптардың жарыққа  шыққандарына жарты ғасырдан астам уақыт өткендігі (80,70,50 жыл).

Кітап көрмесін «Өнегелі өмір» («Жизнь замечательных людей») атты кітап сериясы ашады. Бұл көрнекті орыс жазушысы, қоғам қайраткері М.Горькийдің қолауымен құрылған библиографиялық және библиографиялық-көркем кітап сериясы.

Осы сериялардың ішінде қызықты дана, Госкиноиздат-Мемкино баспасынан 1947 жылы жарық көрген кітап В.Смирновтың Ұлы Отан соғысы туралы деректі фильмдері. Алғашқы кітаптағы кітапханалық штамп «Политчасть НКВД, Кустанайской области» өз жолын Қостанай облыстық атқару комитетінің ІІБ арнайы кітапханасында жалғастырған, кейін 1971 жылы Қостанай милиция мектебіне берілген. Бүгінгі таңда бұл туынды 48 жыл біздің кітап қорымызда сақтаулы.

Көрмеде «Бүкіл әлемдік әдебиет» сериясының көркем әдебиеттері де қойылған.Ол мынадай үш сериядан тұрады:Бірінші «Ертедегі Шығыс әдебиеті, Ежелгі әлем, Орта ғасыр, Қайта өрлеу, XVII және XVIII ғасыр», Екінші серия «XIX ғасырдағы әдебиет» және үшінші серия «XX ғасыр әдебиеті».

2015 жылы кітапхана қорына генерал-лейтенант Шырақбек Қабылбаевтың туысқандары осы серияның 165 кітабын сыйға тартқан болатын.

Шырақбек Қабылбаевтың жеке кітапханасынан тағы бір ерекше туындыны бөліп айтуға болады. Ол неміс ақыны Гетенің «Таңдамалы» өлеңдерінің 1950 жылы «Көркем әдебиет» баспанасынан шыққан  томы.

Каспий маңындағы бір ауылдың өмірі туралы, жас адамның мінезінің қалыптасуы, өмірлік таңдаған жолы жөнінде жазушы Әбу Сәрсенбаевтың бұдан 50 жыл бұрын шыққан  «Теңіз әуендері» атты шығармасы да көрмеден орын алды.

«Қайсыбір жақсы кітапты оқып шығып, өз өмірінің жаңа дәуірін ашқан адамдар қаншама!»,- деп Г.Д.Торо айтқандай, көрмеге қойылған барлық кітаптардың әрқайсысының жеке өзіндік тарихы бар, нағыз оқуға тұрарлық.

 

Кітапханашы

Г. Михайловская

 





Книжные выставки – просмотры «Бұл туындылар бойынша түсірілген фильмдер» и «Ұмытылған кітаптар»

В рамках реализации программы «Рухани Жаңғыру» общая библиотека Академии имени Шыракбека Кабылбаева организовала и провела книжные выставки-просмотры.

«Бұл туындылар бойынша түсірілген фильмдер» под таким название выставка, посвящённая художественным книгам по которым сняты фильмы.

Фильмы всегда основаны, на какой нибудь идее, именно она делает фильм интересным. Ни одно произведение великих писателей не осталось без внимания кинематографистов.

Казахскую классику представляет книга М.Ауезова «Путь Абая». Фильм «Абай» основанный на романе-эпопеи вышел в 1995 году, он приурочен к 150 летию со дня рождения Абая. Фильм о жизни, любви и творчестве поэта.

По трилогии И.Есенберлина «Кочевники» снят совместный казахско-французкий фильм в 2005 года «Кочевник».

«За нами Москва» советский художественный фильм 1967 года снятый на киностудии «Казахфильм», это героическая киноповесть по мотивам книги и материалов известного писателя Бауыржана Момышұлы.

Из русской классики хотелось бы отметить эпопею Л. Толстого «Война и мир». Это произведение экранизировали 17 раз. Первая экранизация немого фильма была 1913 году.

На книжной выставке представлена небольшая часть книжного фонда, которая познакомила курсантов с всемирно известной литературой по которой были сняты и будут сниматься замечательные фильмы.

На выставке-просмотре «Ұмытылған кітаптар» особое место занимают книги которым по 80, 70, 50 лет.

Открывают книжную выставку книги из серии «Жизнь замечательных людей». Эта серия библиографических и художественно- библиографических книг, основанная по инициативе М. Горького.

Интересный экземпляр из этой серии книга В. Смирнова «Документальные фильмы о Великой Отечественной войне», издательство госкиноиздат 1947 года. Первый библиотечный штамп в книге «Политчасть НКВД Кустанайской области», свой путь продолжила в «специальной библиотеке учебного центра УВД Кустанайского облисполкома». В 1971 году книгу передали в Кустанайскую школу милиции. 48 лет она в нашем книжном фронде.

На выставке представлены художественные произведения из серии «Библиотека всемирной литературы». Она состоит из трех серий: Первая «Литература древнего Востока, Античного мира, Средних Веков, Возрождения, ХVII и XVIII в.». Вторая серия «Литература XIX века». И третья серия «Литература ХХ века».

165 книг из этой серии пополнили библиотечный фонд в 2015 году. Их передали в дар Академии родственники генерал-лейтенанта Шыракбека Кабылбаева.

Хотелось бы выделить одну подаренную книгу из личной библиотеки Шыракбека Кабылбаева, это большой том стихотворений немецкого поэта Гете «Избранное», издательства художественной литературы, 1950 год.

50 лет назад была издана книга Әбу Сәрсенбаева «Теңіз әуендері».

Автор представитель старшего поколения казахских писателей. Его роман «Теңіз әуендері» рассказывает о жизни одного из прибрежных поселках Каспия, о становлении характера молодого человека, о выборе жизненного пути.

Все книги, представленные на выставке имеют свою историю и каждая из них достойна, быть прочитанной.

Библиограф

Р. Нұрханова