ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің қызметкерімен кездесу өтті

2019 жылғы 14 ақпан күні кураторлық сабақ барысында Біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушысы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Режим, қадағалау және күзет басқармасының ІІО бойынша аға жедел уәкілі, әділет майоры Данияр Галимжанович Хакимовпен күндізгі оқыту факультетінің 111 және 202 оқу топтарымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында ҚАЖ қызметкерлерінің алдында қойылатын міндеттері туралы, жеке құраммен күнделікті және төтенше жағдайларда өз қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі қызметтік тәртіп пен заңдылық талаптарын сақтау туралы әңгіме жүргізілді. ҚАЖ қызметкерлерінің қызметі тығыз,  өмірге қауіпті жағдайларда өтеді. Осындай жағдайлар кәсіби міндеттерді шешуде үлкен қиындықтар тудырады, әрекет тиімділігіне әсер етеді, қызметкерлерден психологиялық тұрақтылықты, ерекше дайындықты, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ете білуді талап ететіні айтылды.

Курсанттар тәжірибесі мол біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушысына өз қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу өз мақсатына жетті.

 

 

202 оқу тобының кураторы

полиция капитаны

В.Касенова