4 – курс курсанттарын өндірістік тәжірибеге жіберу жөніндегі жиын

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 4 – курс курсанттарын өндірістік тәжірибеге жіберу жөнінде Академия басшылығымен жиын өткізілді.  Жиынды өткізудің мақсаты 4 – курс курсанттарын ақпанның 18 – і мен мамырдың 26 – сы аралығында өтетін өндірістік тәжірибеге жіберу мәселесін қарап,оны талқылап және қорытынды шешім қабылдау болды.

Жиынға 4 – курс курсанттары, топ кураторлары және күн тәртібінде көрсетілген сұрақтар бойынша сөз сөйлеушілер қатысты. Жиында курсанттардың тәжірибеге кету барысында қандай құжаттардың керектігі және тәжірибеге барғанда қалай әрекет жасау қажеттігі жайлы айтылды. Сонымен қатар, курсанттардың өндірістік тәжірибеге өту кезінде Академиядан алған білімін шыңдап, ешқандай өрескел қателіктерге бой алдырмай, барынша ұқыпты болып, оқыс жағдайлардан сақтанып жүру қажеттілігі ерекше ескерте айтылды.

Академия бастығы, полиция генерал – майоры Қызылов Мирлан Ахмедияұлы барлық сұрақтар бойынша сөз сөйлеушілерді тыңдап, сұрақтарда қарастырылған мәселелерге байланысты шешім қабылдады. Жаңа өмірдің есігін ашқалы тұрған 4 – курс курсанттарына өндірістік тәжірибеде барынша қырағылық танытып, қызметтік міндеттерін адал атқарып, заты ерекше болған дара тұлға Шырақбек Қабылбаевтың  есімін ұмытпай, керісінше ұлықтап, көкке әркез көтеріп жүрулерін айтты және шын көңілден сәттілік тіледі.






 

КжСОФ аға – оқытушы әдіскері

полиция подполковнигі

Е. Акимжанов

4 курс бастығының орынбасары

полиция капитаны

К. Кадыров