«2019 жыл — Жастар жылы. Діни жат ағымның залалы» тақырыбы аясындағы  кездесу

Экстремизммен терроризмді  алдын алу мақсатында, Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде 2019 жылғы 06 ақпанында «2019 жыл — Жастар жылы. Діни жат ағымның залалы» тақырыбына арналған  кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты  елдің болашағы жастарды діни жат ағымнан  сақтандыру болып табылады.  Осындай маңызы зор мәдени шараға ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры М.А.Қызыловтың қолдауымен арнайы жетекшілермен бірге 40 курсант, яғни болашақ тәртіп сақшылар қатысты.

Осы  мәжілістің  ұйытқысы болған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Дархан Исламбекұлы Қосылбаев қатысушылар назарына бейнеролик көрсету арқылы сөз бастап,  Қостанай облысы әкімдігінің діни істері жөніндегі басқармасының бас маманы Нұрсұлтан Мырзахметұлы Әбішев «Дін саласындағы мемлекеттің саясаты» тақырыбында жалғасып, Діни мәселелерді  зерттеу орталығының кеңес беру-оңалту жұмыстары бөлімінің басшысы Әсет Бауыржанұлы Нұғманов Деструктивті Діни ағым болмысы мен қауіпіне де тоқтала кетті.   Кездесу соңында, қатысушыларға қазақтың құрт көже, бауырсақ тағамдарын ұсынумен аяқталды.  Осы шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан адамдарға Алла разы болсын!

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің найб имам

Қосылбаев Дархан Исламбекұлы

06.02.2019 ж.