Оқу орнын аяқтаушы 4 курс курсанттарымен өткізілген практика алдындағы жиыны

Кәсіби практиканың көлемі, мазмұны және уақыты Академияның оқу жоспарымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының оқу бітіруші 4 курс курсанттарының кәсіптік практикасының әдістемелік нұсқауларына сай анықталады. Практика Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жинақтаушы органдарында өткізіледі.

Практика ЖОО-ның ең маңызды кезеңі болып табылады. Практика курсанттардың теориялық білім курсын бекіту мақсатында жүргізіледі, сонымен қатар өндірісте жұмыс істеу қабілеттерін практика арқылы қалыптастырып, құқық қорғау органдарының кәсібімен таныстырады.

Жоғарыда аталғандардың негізінде ағымдағы жылдың ақпан айының 4-ші жұлдызында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бітіруші 4 курс курсанттарымен практика алды нұсқау жиыны өткізілді. Жиын барысында жоспарды дұрыс құру әдістемесі, практика күнделігін дұрыс жүргізу тәртібі және  қойылатын талаптарымен таныстырылды.

Педагогика және психология кафедрасы

бастығының орынбасары

полиция подполковнигі

Б. Абдыкалыков