Латынша жазып үйренейік!

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2018-2022 жылдарының болашақта даму жоспары аясында мемлекеттік тілдер дамыту бөлімімен бірлесе отырып, тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «Латынша жазып үйренейік» атты бірлескен іс-шара өткізілді. Аталған шараға Академия курсанттары қатысты. Шараның мақсаты – ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 19 ақпандағы № 637 Жарлығында бекітілген латын графикасындағы қазақ тілі әліпбиіне көшу кезеңдерінде жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстыру және әліпбиге қатысты көпшілік көкейінде жүрген мәселелер бойынша ақпаратты түсіндіріп беру.

Сөз кезегін бастаған мемлекеттік тілдер дамыту бөлімінің бастығы Эльмуратов Құрбанәлі Сегізбайұлы латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары жайында және де өскелең ұрпаққа латын әліпбиін үйренудің аса қажеттілігін айтып өтті.

Сонымен қатар, осы қазіргі таңдағы латын әрпіне көшудің аясында туындап жатқан сұрақ-жауаптарға да тоқталып кетті. Одан әрі іс-шараны тілдер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Кинжебаева Лилия Тоқшылыққызы слайд түрінде дайындаған латын әліпбиінің барлық емле ережелері жайында кішігірім сабақ өткізді. Курсанттар жазу кезінде туындайтын сұрақтарын қойып, мәтін оқып, іс-шараға жақсы ат салысып отырды. Шараға қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, риза көңілмен тарасты.

Тілдер кафедрасы

Latynsha jazyp úıreneıik!

Qazaqstan Respýblıkasy IIM Shyraqbek Qabylbaev atyndaǵy Qostanaı akademııasynyń 2018-2022 jyldarynyń bolashaqta damý jospary aıasynda memlekettik tilder damytý bólimimen birlese otyryp, tilder kafedrasynyń uıymdastyrýymen «Latynsha jazyp úıreneıik» atty birlesken is-shara ótkizildi. Atalǵan sharaǵa Akademııa kýrsanttary qatysty. Sharanyń maqsaty – QR Prezıdenti N.Á.Nazarbaevtyń 19 aqpandaǵy № 637 Jarlyǵynda bekitilgen latyn grafıkasyndaǵy qazaq tili álipbıine kóshý kezeńderinde júrgizilip jatqan jumystarmen tanystyrý jáne álipbıge qatysty kópshilik kókeıinde júrgen máseleler boıynsha aqparatty túsindirip berý. Sóz kezegin bastaǵan memlekettik tilder damytý bóliminiń bastyǵy Elmýratov Qurbanáli Segizbaıuly latyn álipbıine kóshýdiń tıimdi de paıdaly tustary jaıynda jáne de óskeleń urpaqqa latyn álipbıin úırenýdiń asa qajettiligin aıtyp ótti.

Sonymen qatar, osy qazirgi tańdaǵy latyn árpine kóshýdiń aıasynda týyndap jatqan suraq-jaýaptarǵa da toqtalyp ketti. Odan ári is-sharany tilder kafedrasynyń aǵa oqytýshysy polıcııa maıory Kınjebaeva Lılııa Toqshylyqqyzy slaıd túrinde daıyndaǵan latyn álipbıiniń barlyq emle erejeleri jaıynda kishigirim sabaq ótkizdi. Kýrsanttar jazý kezinde týyndaıtyn suraqtaryn qoıyp, mátin oqyp, is-sharaǵa jaqsy at salysyp otyrdy. Sharaǵa qatysýshylar uıymdastyrýshylarǵa alǵystaryn aıtyp, rıza kóńilmen tarasty.

Tilder kafedrasy