1 курс  курсанттарының  қысқы демалыс алдындағы басшы құраммен кездесуі

2019 жылдың 24 қаңтарында 1 курс курсанттары қысқы демалысқа шығу алдында Академия бастығының орынбасарлары полиция полковнигі Ербол Төлегенұлы Каппасовпен және полиция подполковнигі Азамат Браліұлы Кусеубаевпен  кездесті. Кездесудің мақсаты: алғаш рет қысқы демалысқа шығатын 1 курс курсанттарына жол жүру ережелерін, рұқсат етілмеген нәрселерден аулақ болуға шақыратын нұсқаулықтармен таныстыру. Екінші себеп, күндізгі оқыту бөлімінің келісімімен емтихан жұмыстарының бітуіне байланысты, аз бал жинап, қанағаттандырылмаған бағамен тапсырған курсанттардың және емтиханға мүлдем жіберілмеген курсанттардың аты –жөнін айту.

Кездесуге кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраев, тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Р.Қ.Аужанов және емтихан жұмысына байланысты күндізгі және сырттай оқыту факультетінің аға оқытушы — әдіскері  полиция подполковнигі А.Т Дощанова қатысты. Кездесуде 1 курс курсанттарының емтиханды қалай  тапсырғандығы туралы айтылды. Сондай-ақ, кадр жұмысы бөлімінің жеке құрам бойынша инспекцияның инспекторы полиция капитаны А.Т.Альназаров бекітілген бұйрыққа сәйкес академия аумағында ұялы телефонмен жүруге болмайтындығын, қызметтік куәлікті дұрыс пайдалану қажеттілігі туралы айтты. Әр взводтың кураторлары атқарылған жұмыстары туралы есеп берді. 1 курс бастығы полиция майоры М.С.Мурзагалеев жеке құрам бойынша 1 семестрдің қорытындысын шығарды. Кездесу соңында, 1 курс курсанттарына қысқы демалыстарыңды жақсы өткізіп, сәт сапар тіледі.


1 курс курсанты,

полиция қатарындағы

 Аида Бакбаева