Қызметкерлер марапатталды…………….

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Академия қызметкерлерін мараппаттау рәсімі өтті.

Жиынға Академия басшылығымен жеке құрам қатысты.

Кадр жұмысы бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К.Ибраев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің марапаттау туралы бұйрығын оқыды.



Полиция генерал – майоры  Мирлан Қызылов   «Қызметтік міндеттерін адал орындап, өзінің кәсіптік деңгейін үнемі жетілдіріп жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.  Академия  бастығының  орынбасары полиция полковнигі Е.Т.Каппасовқа «Ішкі істер органдарының ардагері» медалі,  оқу-әдістемелік орталығының бастығы полиция полковнигі И.Н.Украинцеваға, мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының бастығы полиция подполковнигі К.Р.Сарықұловқа, педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Б.Т. Абдыкалыковқа, сырттай оқыту факультетінің оқытушы-әдіскері полиция майоры Б.Д.Сұлтановқа, кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы полиция майоры Л.М.Нуралинаға және тағы да басқаларға I,  II,  III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдар табыс етті. Медальдармен қоса, қызметкерлерге  арнайы атақтарды да табыс етті.  Сонымен қатар қызметкерлерге алдағы уақытта ғылым мен білім саласында атқарып жатқан жұмыстарына шығармашылық табыс, отбасыларына бақыт пен шаттық тіледі.






Баспасөз қызметі