Академияда «Денсаулық — 2019» спартакиадасы өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2019 жылдың 21 қаңтарында «Денсаулық — 2019» атты спартакиаданың ашылу рәсімі өтті.

Алғашқы сөз кезегі, Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Каппасовқа берілді.  Саламатты өмір салтын насихаттау бағытында Академияның басшылығымен жеке құрамының арасында «Денсаулық — 2019» спартакиадасы жыл сайын өткізіледі. Биыл міне, үшінші рет өткізіліп отыр. Спартакиада барысында  волейбол, футбол, шашки, үстел – үсті теннисі өткізіледі. Спортпен үнемі айналысқан адамның дені сау, көңіл-күйі көтеріңкі және денсаулығы да жақсарады. Спорттың адам денсаулығына қаншалықты пайдалы екенін, оның адам өмірін ұзартатынын білеміз. Аталған спартакиада курсанттардың рухын көтеріп, спортқа деген қызығушылықтарын танытып, басшылықтың, жеке құрамның біліммен қоса спортта да шымыр екендігін көрсетеді деп, құттықтап,  «Күштісі жеңсін!» деп тіледі.

Келесі сөз кезегі, жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының полиция подполковнигі Мади  Абдрахмановқа берілді. Полиция подполковнигі Мади Абдрахманов спартакиада қатысушыларына жеңіс тілеп, командаларды атап өтті: олар — «Арлан», «Заңгер», «Динамо», «Ғалымдар», «Арыстан», «Жауынгер», «Құлагер», «Барс» командалары.
Спартакиаданың бірінші күні волейбол  спорт түрінен басталады.  деп, барлық командаларға жеңіс тіледі.

Өз кезегінде, командалар бір-бірімен волейбол спорт түрін бастап кетті.

Баспасөз қызметі