Болашақ елдің жастары!

Ел тамыры көгерер жастарменен,

Жастар – қыран, таласқан аспанменен.

Бүгінгі салихалы жас ұрпақтар,

Ертең  елді алға қарай бастар дер ем.

Ел үміті –қазіргі жастар деген,

Жастарыма қажет емес басқа мекен.

Кеуделерін кернеген өшпестей боп,

Ел сүйгіштік, жазғандай тасқа бекем.

Болашақ елдің жастары,

Ашық болсын аспаны.

Тарихта қалсын дастаны,

Өйткені олар қайнаған.

Қазанның қара қаспағы,

Алдыңғы қазақ жастары.

Атқа қонып бесіктен,

Қарулы қол бастады.

Көшіп қонып жүргенде,

Қаншама жол бастады.

Үлкенді сыйлап, құрметтеп,

Ата сөзінен аспады.

Қырық үйден тыйылып,

Жаман жолды баспады.

Алтыннан ардақ бастары,

Қазағымның жастары!

4 курс курсанты

Думанжан Тұрсынбай