Жастар елдің ертеңі !!!

Бүгінгі елдің ертеңі өнетінін,
Жас ұрпақтың ырқына көнетінін.
Елбасымыз жастар деп биылғы жыл,
Білдіріп сол жастарға сенетінін.

Мықты болса жасымыз жеңетінін,
Бірлік келіп береке енетінін.
Бақыт қонып шаңырақ елімізде,
Алауыздық шамының сөнетінін.

Жас болмаса қауіптің төнетінін,
Рухын сынып қайсарлық өлетінін.
Біз сенеміз дамыту елімізді,
Сол жастардың қолынан келетінін.

Сүйреп келер патшамыз бізді міне,
Қайтаратын елді сол қыз күніне.
Сеніп артып мемлекет даму жолын,
Беру керек жастардың тізгініне.

Дамытайық білімді ғылымды да,
Жоғалтайық залымды зұлымды да.
Көтерейік жастардың әл- аухатын,
Көтерейік қызыңды ұлынды да.

Жасың  болса бағын да толасады,
Жастар біздің ертеңге жол ашады.
Жастарымыз қолда бар алтынымыз,
Жастар елдің ертеңі болашағы.

Биылғы жыл ала кеп берекесін,
Тола берсін қазынам молысына.
Баспанасыз жүрген сол жастарымыз,
Биыл кірсін көп күткен қонысына.

Танытсақ сол елімізді әр қырынан,
Халқымыздың көңілі толық сима.
Алып сол көп аурудың алқымынан,
Дамытайық ел жағдайын, медицина.

Төтеп берер кылмысқа ауыз үріп,
Полицияның жұмысын жетелейік.
Сақтаған сол ел іші ауыз бірлік,
Ішкі істердің беделін көтерейік.

Бүгінгі жас ертеңгі ел тірегі,
Жету үшін керемет жақсы атқа бір.
Елбасымыз биылғы жыл жастар деді,
Жастар болып жетейікші мақсатқа бір.

Ауыз бірлік ынтымақ ел айнасы,
Бұл қасиет қазаққа жарасады.
Көтерейік жастарды биылғы жыл,
Жастар елдің ертеңі болашағы!!!!

 3 — курс  курсанты

полиция қатарындағы

 Әділ Ілияс