3 курс жеке құрамының Академия басшылығымен қысқы демалыс бойынша кездесуі

2019 жылдың 16 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында 3 курс жеке құрамының Академия басшылығымен қысқы емтихандық сессия қорытындылары бойынша және курсанттардың қысқы демалысқа кетулеріне байланысты кезекті кездесуі өтті. Аталмыш кездесуге Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов, Академия бастығының орынбасары полиция подполковнигі А. Күсеубаев, Күндізгі оқыту факультеті, кадр бөлімінің бастығы полиция полковнигі А.К. Ибраев, екінші арнайы тобының бас маманы полиция майоры А.М. Мизамбаева, 3 курс басшылығы, жеке құрам бойынша инспектор және барлық оқу топтарының жетекшілері қатысты. Жалпы кездесудің негізгі мақсаты – курсанттардың қысқы демалыс уақытында өздерін дұрыс ұстауы, қызметтік тәртіпті, заңдылықты және Әдеп кодексін қатаң сақтау, тәртіптік құқық бұзушылықтарды болдырмау.

Кезекті кездесу барысында 3 курс бастығының міндетін атқарушы полиция майоры Т.Г. Баймаганов басшылық құрамын курсанттардың ағымдағы оқу семестрінің үлгерім қорытындысы туралы есеппен таныстырды. Күндізгі оқыту факультеті қысқы емтихандық сессия  қорытындылары бойынша қатысты. Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Е. Каппасов оқу процесі мәселесін көтеріп, үлгерім көрсеткіштері төмен курсанттарға ерекше тоқталып, оқу орнымыздың қабырғасында жоғары әрі сапалы білім алып жүрген әрбір курсант Ішкі істер органдары қызметкерлеріне лайықты болуы тиіс және өздерінің қызметтік міндеттеріне саналы түрде үлкен жауаптылықпен қарап,  қызметтік тәртіпті сақтаулары тиіс екендерін атап өтті. Сондай-ақ, Академия басшылығы курсанттардың демалыс уақытында азаматтарға сыйластықпен қарау, қызметтік тәртіпті, нысанды киім үлгісін және адамгершілік қасиеттері мен құндылықтарды сақтау сияқты ең басты мәселелерге тоқталды.

Кездесу соңында Академия басшылығы 3 курс жеке құрамына қысқы демалысқа аман-есен барып қайтып, курсанттардың жаңа оқу семестріне жаңа күшпен келетіндеріне сенім білдірді.

3 курс курсанты

полиция кіші сержанты

Э. Канатчина