ЖЫЛДЫҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

2019 жылдың 13-і қаңтарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қабырғасында 2001-2002 жылғы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында самбо күресінен Қостанай облысының чемпионаты өткізілді.

Сайыстың мақсаты Ақтау қаласында 14-18 ақпан айында өткізілетін Қазақстан Республикасының чемпионатына іріктеу жасап, жасөспірімдерді шындау. Нағыз мықтыға шаршы аланда тұсау жоқ, дегендей облыстың самбошыларына өздерін көрсетуге мүмкіндік жасау. «Батыл болсаң, батыр да боласың» дегендей жас самбошылардың бойынан батылдық қасиетті тәрбиелейтін самбо күресі жас батырларымызды әлі де шындай түсетіні анық. «Бүгінгі күн – ертеңгі тарих» дегендей, Қажымұқандай бабаларымыз сияқты батыр ұрпақ тәрбиелеу бүгіннен басталады.

Сайыстың әділ бағасын беретін бас төреші 1ДТ, Мылтықбай Абдуайтов және бас хатшысы 1ДТ, Иван Сорокин басқарды.

Нағыз мықтыны анықтар сайысқа 16 салмақ дәрежесінен 9 команда. Атап өтсек: Лисаковск қ., Әулиекөл ауд., Жітіқара ауд., Қостанай ауд. және Қостанай қаласы күрес түрлерінің ұжымдары Арлан, Евразия және Жас Динамо спорт клубтары қатысса, жоғарғы оқу орындарынан ҚМУ Сұңқар және ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының палуандары бақтарын сынады.

Ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегі ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы ЖжДД кафедрасы бастығының міндетін атқарушысы, қоян-қолтық ұрысынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, полиция майоры Абдрахманов Мади Бахытбекұлы палуандарға сәттілік тілеп, жарыстың маңыздылығын айтып, алдағы Ақтау қаласындағы 14-18 ақпан аралығында өтетін сайысқа жолдама алатын палуандарға сәттілік тіледі. Есігін ашқан 2019 жылдың бастапқы баспалдағы болып қолданбалы спорт түрі самбо күресі басталғалы отыр. Академия қабырғасында бүгінгі күнге дейін көптеген қалалық, облыстық, республикалық дәрежедегі әр-түрлі спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп тұрғандықтан, бүгінгі сайыста біздер үшін дәстүрге айналып отыр. Қалыптаскан дәстүрлі сайыстар, жаңа жұлдыздардың шығуына себеп. Келесі сөз кезегінде Қостанай облысы самбо күресінің аға жаттықтырушысы Өтенов Бағдат Каменұлы самбо күресінің жетістіктері туралы айтып, өткен жылдың басты жаңалығы ретінде самбо күресі олимпиада бағдарламасына енгізілуін барлықтарына еске салды және де бұл жетістікке әлемдегі әр самбошының еңбектерінің арқасында жеткендігін мәлімдеді. Ағымдағы жылдың қаңтар айының 12 жұлдызында Қостанай облысы самбо күресі және жауынгерлік самбо федерациясы қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен жаттықтырушылары қатысуымен үлкен отырыстың өткізілгенін және бұл жиында самбо күресіндегі әр-түрлі мәселелердің шешу жолдары талқыланып, көптеген мәселелер қарастырылғанын айтып, сөзін тәмәмдады. Жарыстың бас төрешісі, самбо күресінен жасөспірімдер арасындағы Қостанай облысының аға жаттықтырушысы Абдуайтов Мылтықбай Жұмабайұлы бүгінгі жарыстың бағдарламасын, әділ болатынын, сондай-ақ спортшыларға бөз кілемде шын жүйрікке тұсау жоқ екенін айтып, сәттілік тіледі.

Облыс чемпионатының құрметті қонақтары және жаттықтырушыларыда спортшылардың жеңіске деген құлшынысын, ынтасын көріп дән риза болды.

Сайыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:

48келі салмақ дәрежесінде

1 орын Рахымжан Рахат (Қостанай ауд., бап. Д.Файзолла)

2 орын Джанай Аслан (Қостанай «Жас Динамо», бап. Е.Кабидуллинов, А.Ермагамбетов)

52 келіде

1 орын Оразов Рустем (Әулиекөл ауд., бап. Н.Умирбаев)

2 орын Оразымбетов Әділет (Лисаков қ., бап. Б.Хайрат, А.Кабдыгалымова)

3 орын Кусжанов Акежан (Қостанай ауд., бап. Д.Файзолла)

3 орын Сейдалин Диас (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

56 келіде

1 орын Файзолла Айбар (Қостанай ауд., бап. Д.Файзолла)

2 орын Баймешов Серик (Әулиекөл ауд., бап. Н.Умирбаев)

3 орын Бағдаулет Ермаған (Лисаков қ., бап. Б.Хайрат, А.Кабдыгалымова)

3 орын Калиханов Данияр (Қостанай «Жас Динамо», бап. Е.Кабидуллинов, И.Сорокин)

60 келіде

1 орын Тлеуғалеев Сұлтан (Қостанай «Жас Динамо», бап. Е.Кабидуллинов, Н.Ермагамбетов)

2 орын Баймешов Сұлтан (Әулиекөл ауд., бап. Н.Умирбаев)

3 орын Ушков Сергей (Қостанай «Жас Жинамо», бап. Е.Кабидуллинов, И.Сорокин)

3 орын Бронников Никита (Қостанай «Евразия», бап. Е.Мовчан, Ж.Смбаев)

65 келіде

1 орын Әмен Дінмұхаммед (Қостанай «Евразия», бап. Е.Мовчан, Ж.Смбаев)

2 орын Дюсекин Диас (Қостанай ауд., бап. Д.Файзолла)

3 орын Галибеков Бекжан (Қостанай Академиясы, бап. Б.Утенов)

3 орын Мояк Никита (Қостанай «Жас Динамо», бап. Е.Кабидуллинов, М.Абдуайтов)

70 келіде

1 орын Олжабай Бекзат (Қостанай Академиясы, бап. Е.Алиев, Б.Утенов)

2 орын Мельник Станислав (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

3 орын Саруар Расул (Қостанай «Жас Жинамо», бап. Е.Кабидуллинов, М.Абдуайтов)

3 орын Фазыл Бекзат (Әулиекөл ауд., бап. Н.Умирбаев)

75 келіде

1 орын Житибаев Руслан (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

2 орын Оспан Ердаулет (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

3 орын Горбунов Антон (Лисаков қ., бап. Б.Хайрат, А.Кабдыгалымова)

81 келіде салмақ дәрежесінде

1 орын Мухеев Тимур (Қостанай «Жас Жинамо», бап. Е.Кабидуллинов, Ш.Жұмабай)

2 орын Лузянин Олег (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

87 келіде

1 орын Тогаев Нағызбек (Қостанай «Евразия», бап. Е.Мовчан, Ж.Смбаев)

Қыздар арасында:

44 келіде

1 орын Иржанова Алма (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

48 келіде

1 орын Лещенко Юлия (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

52 келіде

1орын Егорова Анна (Қостанай «Евразия», бап. Е.Мовчан, Ж.Смбаев)

56 келіде

1 орын Аманбаева Жансая (Лисаков қ., бап. Б. Хайрат, А. Кабдыгалымова)

2 орын Жумабекова Айтолқын (Қостанай Академиясы, бап. Б. Утенов)

60 келіде

1 орын Мусабаева Адина (Жітіқара ауд., бап. А.Телемисов)

70 келіде

1 орын Ибраева Мадина (Лисаков қ., бап. Б.Хайрат, А.Кабдыгалымова)

75 жоғары келіде

1 орын Казакевич Надежда (Лисаков қ., бап. Б.Хайрат, А.Кабдыгалымова)

Жүлделі орын алған жеңімпаздарымызға алдағы өтетін үлкен додаларда өздерінің еңбектерінің, қажымас қайраттарының арқасында топ жарып, биіктен көрінетініне сеніміміз мол.






























Әділ Ілияс

3 курс курсанты