Академияның 4 курс  курсанттарын дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті

Кеше ғана Академия табалдырығын аттап, жоғары білім алуға келген мектеп түлектері, бүгін, міне 4 жыл білім алып, бірер айдан кейін, өз қалаған мамандықтарының кәсіби маманы атануда.

2019 жылдың 11 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 4 курс курсанттарын дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі істер департаментінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, ҚР ІІМ КСД кәсіби және идеологиялық даму басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Е.Б.Куанов, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі А.И.Тарасенко, Академияның басшылығы мен  4 курс курсанттары қатысты.

Отырысты Академияның бастығы полиция генерал-майоры  Мирлан Қызылов ашып, барлық қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Биыл Академияны 243 курсант тәмәмдағалы отыр, оның ішінде 22 курсант  үздік дипломға үміткер. Курсанттар үш мамандық бойынша оқыды: «Құқық қорғау қызметі», «Ішкі істер органы үшін педагогика және психология» және «Ішкі істер органдары үшін әлеуметтік жұмыс».

Отырыста курсанттар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Әр курсанттың сұрағы толық шешімін тауып, қанағаттандырылды. Жыл сайын өткізіліп отыратын отырыстан кейін полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов   ҚР ІІМ қарасты ІІД және ҚАЖД өкілдеріне, ҚР ІІМ КСД кәсіби және идеологиялық даму басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Е.Б.Куановқа, ҚР ІІМ ҚАЖ Комитеті төрағасының орынбасары полиция полковнигі А.И.Тарасенкоға Пробация қызметкерлерінің оқу орталығына арналған жаңа инновациялық технологиялармен жабдықталған компьютер кабинеті мен дәріс залын көрсетті.


Баспасөз қызметі