Құрметті еңбек демалысына шығару іс-шарасы……..

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары полиция полковнигі, заң ғылымының кандидаты (ассоциацияланған профессор, доцент) Сергей Николаевич Бачуринді зейнеткерлікке шығарып салуға арналған  іс-шара өткізілді.

Аталған іс-шараға Академия басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер қатысты. Алғашқы сөз кезегі Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызыловқа берілді.

Мирлан Қызылов: «Сергей Николаевич Бачурин 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қарағанды заң институтының «Құқықтану» мамандығына оқуға түсіп, 1997 жылы бітірді. 1997 жылдан бастап ішкі істер органдарында тергеуші лауазымынан бастап Академия бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарды. Ал, Академияда ғалым хатшы лауазымынан бастап академия бастығының орынбасары лауазымына дейін 3,5 жыл қызмет атқарды. Қызмет атқару барысында өзін кәсіби маман, адамгершілігі мол, қызметіне адал, тыңғылықты қызметкер ретінде көрсетті.

Полиция полковнигі Сергей Бачурин  85-тен аса ғылыми жұмыстың авторы, 2 монография, 3 оқу құралын, 1 тәжірибелік оқу құралын және тағы да басқа –әдістемелік  құралдарын жариялады. Талмас еңбек етуінің арқасында «ІІО-на мінсіз қызметі үшін» 1, 2 және 3 дәрежелі медальдармен және «Қазақстан полициясына 20 жыл», «Қазақстан полициясының үздігі», «Шырақбек Қабылбаев» төсбелгілерімен және тағы да басқа наградалармен марапатталды. Академияның қоғамдық өмірінің жұмыстарына және ғылыми жұмыс саласының жоғарғы деңгейде өтуіне белсене ат салысты.

Ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарыңыз мол және жоғары білікті маман бола отырып, Сіздің жетекшілігіңізбен ғылым жолына бет алған, бүгінгі таңда ғылым мен білімнің терезесін тең ұстап жүрген шәкірттеріңіз, еліміздің игілігі үшін жемісті еңбек етуде.

Сізді бүгінгі зейнеткерлікке шығуыңызбен құттықтаймын, биіктен көріне беріңіз, отбасыңызға амандық, жаңа бастамалар тілеймін», деп, сөзін тәмамдап, келесі сөз кезегін Ардагерлер кеңесінің төрайымы  Бисулу Бигазовна Мукажановаға  берді.

Өз кезегінде, құрметті зейнеткер, Сергей Бачурин: «Академияның басшылығына, профессорлық-оқытушылар құрамы мен әріптестеріне жұмыста табыс, жаңа жетістіктер, әрқашан биік шыңдардан көріне беріңіздер», деп сөзін аяқтады.

Іс-шара барысында Академияның қызметкерлері зейнеткерге жаңа бастамалар, жаңа ғылыми жетістіктер, ғылым мен білім жолында жемістер тіледі.

Соңында, Академия басшылығы, профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер зейнеткер полиция полковнигі Сергей Николаевич Бачуринмен естелік — суретке түсті.

Баспасөз қызметі