Жаңа қадам – жаңа бастама

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов Академияда курсанттардан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы тобымен кездесті. Бұл іс-шараға бастықтың орынбасары полиция полковнигі Е.Т.Каппасов, күндізгі оқыту факультетінің бастығы полиция полковнигі Кульжанова Г.Т. және қылмыстық, қылмыстық – атқару құқығы және криминология кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Суйеубаева З.М. қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы» дегеніміз, бұл  жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін құрайды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастың қазіргі жастардың әлеуметтік тапсырысына негізделген, академиялық адалдыққа, білім беру процесінің мөлдірлігіне, оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігі мен адалдығына негізделген жаңашыл бастамасы.

Полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов  «Елбасымыз жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында әрқашанда жастар мәселесіне көп көңіл бөледі.  Елбасы «2019 жыл — Жастар жылы» деп жариялады. Академия болашақ тәртіп сақшыларын тәрбиелеуге, білімді де кәсіби маман болуына, шығармашылық қабілеттерін танытуға, ғылым мен білім саласына бағытталуына, берген Антына адал қызметкер болуына жан-жақты жағдай жасап жатыр. Міне, Сіздердің де, осы бастаманы одан әрі жалғастыру бағытында да, бірталай іс-шаралар өткізу қажет.

Академияда «Адалдық алаңы» жобасын қолға алу қажет. Курсанттарды білімге  деген құштарлығын танытып, тәжірибеде алған білімдерін дұрыс қолданып, өзін білікті де кәсіби маман ретінде көрсету керек. Курсанттармен бірлесе отырып, дәрістер, тренингтер, семинарлар тағы да басқа іс-шаралар өткізу  қажет. Әр істе табысқа кенелу төзімділік пен баяндылыққа байланысты болып келеді және төзім болмаса, табыс пен жеңіс қолға оңай түспейді.  Осыған орай, бастамаларыңды одан әрі жетілдіру бағытында төзімділік қажет, ал төзімділік – бұл құндылықтың белгісі болып табылады. Жастардың бастамасына біздер әрқашан қолдау көрсетеміз!», деп сөзін тәмамдады.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар бастамасы тобының төрағасы 3 курс курсанты Арман Нуркин 2018 жылғы сәуір айынан бастап осы бағыттарда 15 әртүрлі іс-шаралар өткізілгендігін айтты. Академияның 1, 2 курс курсанттары арасында сыбайлас жемқорлық туралы насихат жұмыстары да жүргізілді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында студенттермен өткізілген бірталай ісшараларға қатысып жүрміз. Біздерге осы бастамамызды жетілдіру бағытында қолдау көрсетіп отырғандарыңызға  алғысымызды білдіреміз.

Қорытындылай келе, елдің ертеңі – білімді жастардың қолында, жастардың жаңа бастамасына қолдау көрсетіп, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру біздің мақсатымыз.

Баспасөз қызметі