Жүзден жүйрік таңдалатын сайыста біздің де курсанттар топ жарып шығатынына сенімдіміз!

2019 жылғы қаңтар айының 5 жұлдызында жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының «Палуан» ғылыми үйірмесінің курсанттары дайындаған ғылыми жұмыстарын тексеріп, оларды байқауға ұсыну мақсатында кезекті отырысы өтті.

Кафедра аға оқытушысы, полиция майоры Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы отырыстың алғашқы сөзінде бүгінгі жиналыстың маңыздылығын түсіндіріп, қатысушыларға өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарауды негізге алуды ұсынды.

«Мұғалім қандай болса – мектеп сондай болмақшы»- деп ғалым Ахмет Байтұрсынов айтқандай жұмыс барысында ғылыми жетекшілердің де көмегінің алатын орны бөлек, курсанттарға дұрыс жол көрсетіп, тығыз байланыста жұмыс жасаған оқытушылар шәкірттерінің алдағы байқауларда жүлделі орын алатындарына нық сенімді.

Ғылыми жетекшілерінің арқасында курсанттар өз жұмыстарын тәмәмдап, талапқа сай жазылған жұмыстарын арнайы «Антиплагиат» бағдарламасының көмегімен тексерді. Тексеріс нәтижесі бойынша 4 жұмыстың түпнұсқалығы 90 %-дан, 3 жұмыс 85 %- дан және 2 жұмыс 75 %-дан астам екені анықталды.

Жұмыстардың өзектілігі ішкі істер органдары ведомстволық оқу орындарындағы курсанттардың дене дайындығына деген көзқарасын қалыптастыру және жоғары біліктілігі бар, саналы маман дайындаудағы өзекті мәселелері  қарастырылды.

Келесі кезекте кафедра аға оқытушысы, полиция майоры М. Кенжекиевтің жетекшілігімен 3 курс курсанттары Қ. Арынов «Ішкі істер органдары қызметкерлеріне қоян-қолтық ұрыстың маңызы мен ерекшеліктері» және А. Алнашов «Ведомстволық жоғары оқу орындарының курсанттарын тәрбиелеудегі дене дайындығының рөлі» атты тақырыптар жазылды. Жұмыстардың негізін түсіндіріп, аталмыш мәселелерін көрсетіп өтті. Тақырыптардың басты идеясы курсанттардың өзін —  өзі қорғауымен дене дайындығына деген ынта-жігерін арттыру және дене дайындығы арқылы тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіріп өтті.

К. Исергеповтың жетекшілігіндегі 3 курс курсанты  О. Алтынов «Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жылдамдығын жеңіл атлетика құралдары арқылы арттыру» атты ғылыми жұмыстың дайын екенін мәлімдеп, ҚҚО қызметкерлеріне жеңіл атлетиканың қаншалықты керек екенін түсіндірді.

Кафедра бастығының орынбасары, полиция майоры М. Абдрахмановтың қарамағындағы 3 курс курсанттары А.Әмірхамза және А. Рахметқали бірлескен жұмыстар бойынша «Біліктілігі төмен бапкердің жеке клубтарды ашып жасөспірімдерді дайындаудағы тудыратын қаупі» атты жұмыстың  дайын екенін хабарлады.

Кафедра оқытушысы А. Ақылбеков, өз қарамағындағы 3 курс курсанттары Ф. Бакитжанова тақырыбы «Қазіргі таңдағы курсанттардың дене дайындығына көзқарасы» және І. Әділ тақырыбы «Курсанттардың дене дайындығында күрес тәсілдерінің алатын орны». Аталған курсанттардың жұмыстарының дайын екенін мәлімдеп, отырыс қатысушыларына бүгінгі таңдағы мәселелердің шеешімін көрсетті.

Кафедра оқытушысы, полиция майоры С. Сыздыковтың құзіретіндегі 2 курс курсанты Ж. Мусагалиеваның тақырыбы «Гендерная политика в органах внутренних дел» жұмысы  талқылауға салынды.

Кафедраның аға оқытушысы, полиция майоры Е. Кабидуллиновтың бастауымен 3 курс курсанты Қ. Қуанышбек тақырыбы «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттер, мінез-құлық психологиясы және физикалық қарсы әрекет» жұмысының маңыздылығын түсіндіріп, қоғамдағы нәзік жандарға қарсы құқық бұзушылықтың басым болып бара жатқанын және осы жағдаймен күресудің тиімді жолын көрсетті.

Кафедра аға оқытушысы, полиция подполковнигі Р. Таңқыбаевтың қарамағындағы 2 курс курсанты Д. Қажығалиеваның тақырыбы «ҚР ІІМ ведомстволық оқу орындары курсанттары мен жоғары оқу орындары студенттерінің дене дайындығындағы ерекшеліктері мен айырмашылықтары» атты жұмысы бойынша салыстырмалы көзқарас қалыптастырды.

Осылайша ғылыми жетекшілер өз құзыретіндегі курсанттардың жұмысының дайын екенін мәлімдеді.

Отырыс соныңда, кафедра оқытушысы Өтенов Бағдат Каменұлы сөз сөйлеп, курсанттар мен олардың жетекшілеріне сәттілік тілеп, ІІМ-дегі реформалардың осы тақырыпқа қаншалықты қатысы бар екенін түсіндіріп, орындаған ғылыми жұмыстарының зерттеу нысаны мен кейбір мәселелердің шешімдері бар екенін мәлімдеді. Жоғарыда аталған курсанттардың жұмыстары алдағы байқауларда қаралып, өздерінің бағын сынап көрмек. Осы сайыста біздің  курсанттар топ жарып шығатынына әрқашанда сенімдіміз.

3 курс курсанты Аслан Алнашов