2019 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы

Жыл сайын барлық оқу орындарда күз мезгілі тақырыбына арналған әртүрлі кештер ұйымдастырылады. Ағымдағы жылдың 3 қазанында ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 2, 3, 4-курс курсанттары және арнайы бастапқы оқыту курсының тағылымдамашылары арасында «2019 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы» сайысы өткізілді.
Күз —  берекенің бастауы. Табиғатта жылдың төрт мезгілі өз орнын бір-біріне беріп, ауысып тұратыны баршаға белгілі. Өз басым табиғаттың бұл құбылысына таң қаламын. Әр мезгілдің өз сұлулығы, қасиеті, ерекшелігі болатыны да заңды емес пе? Көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атса, жаз айналаға жасыл кілем төсеп, қарныңды жеміске тойғызады. Күз алтын сияқты түрленіп, берекенің, молшылықтың бастауы болса, қыс ақтықтың бейнесі болып, мамықтай жұмсақ қарымен көріктенеді. Жапырақтар сарғайып, жерге түсіп жатыр. Жерге сары кілем төсеп қойғандай жұп-жұмсақ болып тұр. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күз-молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау–бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.

Әр мезгілдің өз көркі бар,құдіреті бар
Әр қайсысын бейнеті бар, суреті бар.
Көрікті көктем таласатын жазғытұрым,
Қоңыр күзден асып өткен аяз қысым.

Байқаудың негізгі мақсаты — 2019 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасын анықтау, жастардың әртүрлі іс-шараларға белсене қатыстыру, біліммен қатар өнерді де бірге алып жүруге дағдыландыру, уақыттарын көңілді өткізу. Барлық тамашаланған концерттік нөмірлер күз тақырыбына арналып, ғажайып түрде ұсынылды.

Сайыс үш кезеңнен тұрды: «Таныстыру», «Шығармашылық нөмір», «Кешкі көйлектер дефиле-көрсетілімі». Бірінші кезеңде қатысушылар музыкалық сүйелмелдеумен бейнероликтерді көрсету арқылы қойылымдар көрсетіп өздерін таныстырды. Екінші шығармашылық кезеңде қатысушылар өздерінің бойындағы сан қырлы өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде курсанттар «Алтын күз» тақырыбы бойынша өз қолымен жасаған сәнді киімдерін көрсетті.

Өте жақсы өнер көрсетіп үштіктер қатарына қосылған топтар да анықталды.  ІІІ орынды 3-курс курсанттары полиция кіші сержанты Ш.Жора мен полиция қатарындағы Т.Абатова, ІІ орынды 4-курс курсанттары  полиция қатарындағы Қ.Аринов пен полиция сержанты Э.Сайфутдинов иеленді. І орынды иеленген 2-курс курсанттары полиция кіші сержанты Ж.Жақсылықова мен полиция қатарындағы А.Үрдабеков 2019 жылдың Күзгі Ханшайымы мен Ханзадасы атанды. Сайысымызға қатысқан курсанттар мен тағылымдамашыларға грамоталар табысталды.

3-курс курсанты
полиция қатарындағы
Г.Максетова