«Жыр жазамын жүрегімнен»


Нақ осы атаумен ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Академияның жалпы кітапханасының оқу залында кітапхана қызметкерлері оқу орнымыздың жас курсант ақындарымен кездесу жыр-кешін өткізді.
«Жыр жазамын жүрегімнен» атты кездесу кешінің мақсаты: Алаштың атын асқақтатқан қазақ ақындарының өлең-жырларын дәріптеу, кеңге құлаш жайған қазақ поэзиясына жастарды баулу, жас болғанымен жыр жазуға құлшынысы бар, талабы биік, ордалы ой, семсер сөздерімен дараланып, келешегінен үміт күттіретін Академия қабырғасында білім алып жүрген талантты жас ақындарымызды насихаттау, қолдау.


Жыр кешіне ұшқыр қаламынан жырдың сұлу тамшылары төгілген ақиық ақындарымыздың жолын қуып, өнер әлемінде қалықтағысы келетін, талантты да талапты Академия қабырғасында білім алып жүрген 2-3 курс курсанттары Әділ Ілияс, Қилыкешов Айдос, Ерболат Лашын қатысып, өз туындыларын ерекше әсермен оқып берді. Жас ақындарымыздың туындыларының тақырыбы алуан түрлі: киелі оқу орны, кіндік қаны тамған туған жері, өз отбасы, ел жүрегі — Астана, дос-құрбылары, махаббат т.б.туралы.
Әділ Ілияс «Академия оқу білім қайнары», «Отан-отбасынан басталады»,«Астана-жастардың жүрегінде», «Сен үшін»; Қилыкешов Айдос «Астанамыз жиырмадағы жас қала», «Мәңгілік ел»; Ерболат Лашын «Тәуелсіздік», «Астана», «Курсант», «Арнау» т.б. өлеңдерімен көрермендерді бір серпілтіп тастады. Кеш барысында қонақтар өлеңдерін оқыды да, берілген сұрақтарға да көңіл тоярлық жауап та беріп отыра, 1 курс курсанттарын жігерлендіріп, бойында бар барлық жақсы қасиеттерін, таланттарын жасырмай, әрдайым жақсы оқуға, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуға шақырды. Осындай үндеуден кейін көрермендер де жай қалмай поэзияға жақын екендігін көрсетіп, 1 курс курсанттары Жұмамұратов Нұртай мен Қабиболла Мәди өз өлеңдерін де оқып берді.


Жақсы кездесу кешіне куә болған көрермендер тамаша көңіл-күйде тарқасты.
Әлі де талай талантты жастарымыздың арамыздан өсіп шыға беретіндігіне сеніміміз мол!

Жалпы кітапхана ұжымы

В общей библиотеке Академии 26 декабря 2018 г. прошла литературная гостиная «Жыр жазамын жүрегімнен», которая была посвящена поэтическому творчеству наших курсантов.
Героями этой особой встречи стали курсанты 2 и 3 курсов Килыкешов Айдос, Әділ Ильяс, Ерболат Лашын.
Поэтический мир наших поэтов разнообразен: гражданская и философская лирика, нравственные ценности, такие как патриотизм и мужество.
С особым чувством курсанты читали свои стихи, посвященные родному Казахстану и своей малой родине, степному краю. С достоинством и гордостью были прочитаны стихи о выбранной профессии, об академии. Стихи нашли живой отклик в сердцах любителей поэзии.
На встрече присутствовали курсанты 1 курса. Они тепло приняли наших поэтов. Некоторые курсанты 1 курса изъявили желание прочитать свои стихи, посвященные родным местам.
Желаем нашим поэтам благотворного пути.

Общая библиотека