ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒАТЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҰЛЫҚТАУ ІС-ШАРАСЫ


2018 жылдың 28 желтоқсанында тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Академия қабырғасында айтулы, есте қалар қоштасу іс-шарасы өткізілді. Бұл іс-шара зейнетке шығатын Академияның қызметкерлеріне арналды. Жиырма жылдан асатын уақытты құқық қорғау органдарында мінсіз және адал қызмет жасаған қызметкерлер бұл күні өздерін ерекше ұстап, кейбіреулерінің көзіне жас та келді.

Әрине, өзінің қызметтік міндеттерін қатардағы қызметшіден полковник шеніне дейін бұлжытпай орындаған әріптестерге Академияның жеке құрамы үлкен мәртебе көрсетіп, іс-шараны мүмкіндігінше қызықты, еске қаларлықтай етіп жасағысы келді.

Іс-шараның басында Академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Ахмедияұлы Қызылов сөз сөйлеп, зейнетке шығатын қызметкерлерге алғыс айтып, ризашылығын білдіріп, «Шырақбек Қабылбаев» төс белгісімен, грамоталармен, алғыс хаттармен марапаттады.

Бұл іс-шарада Тілдер кафедрасының аға оқытушысы полиция подполковнигі Ербол Қалибекұлы Деріпсалдин, Академияның домбырашылар ансамблінің жетекшісі Қалибек Деріпсалдин және Үрмелі аспаптар оркестрінің жетекшісі полиция майоры Тимур Сарсенбаевич Тулубаев әсем әндерін баршылыққа арнады.

Зейнетке шығатын қызметкерлердің атынан отставкадағы полиция полковнигі Андрей Владимирович Брылевский және Әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының бастығы полиция полковнигі Дәурен Болатұлы Тойматаев сөз сөйлеп, Академия басшылығына, жеке құрамына, өздері әр жылдарда қызмет жасаған бөліністер мен кафедралар қызметкерлеріне алғысын білдіріп қоштасты.

Осындай іс-шара соңында әр қызметкердің көңілі түсетіні белгілі, бірақ болашақ зейнеткерлердің алдағы демалысы керемет әрі ұзақ уақытқа созылғандығын ойлай отырып, олар үшін біз, жас қызметкелер қуаныштымыз және академиядағы жылдар бойы атқарған жұмысы үшін алғыс айтамыз.

Тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы

полиция аға лейтенанты

Е. Кишкентаев