Тәлімді кездесу өтті

Мерекелердің ішіндегі орны ерекше, айрықша мейрам 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен барша Қазақстандықтарды шын жүректен құттықтаймыз. Осыған орай академияға бұрында Қостанай облысының ІІД жоғары лауазымдарында қызмет атқарған ҚР ІІМ зейнеткері полиция полковнигі Есенгелді Тастанұлы Нұржанов мырза курсанттармен  арнайы кездесуге келген болатын. Кездесу барысында курсанттармен көп қызықты мәліметтермен бөлісіп, өз басынан өткен көптеген оқиғаларын айтып өтті. Болашақта төзімді,батыл, білімді болу керек екенін қадап айтты. Әрқашан өздерінің міндеттерін ұмытпай тәртіпке бағынып алға ұмтылудың маңызы ерекше екенін түсіндірді. Курсанттар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап алды.

«Ескінің  көзі, дананың сөзі» — демекші, Ішкі істер саласында көптеген жылдар бойы еңбек еткен тұлғамен кездесу курсанттарды болашаққа іштей дайындағандай болып, оқуға деген құлшыныстары артып, алға қойған мақсаттары одан әрі шыңдала түскенін байқалды.

 203 оқу тобының кураторы

полиция капитаны М.Қалқаманұлы