Теория мен тәжірибені ұштастырған қосымша практика

2018 жылдың 14 қарашасы мен 2018 жылдың 21 желтоқсаны аралығында қылмыстық,қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасымен күндізгі оқыту факультетінің 2,3 және 4 курс курсанттарының қосымша практикасы ұйымдастырылған болатын.


\

Қосымша практика барысында курсанттар жол-патрульдік полициясы және учаскелік полиция инспекторларының практикалық қызметкерлерімен бірлесіп, құжаттарды, хаттамаларды толтыруды үйреніп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын-алу шараларына қатысқан болатын. Сонымен қатар курсанттар Қостанай қаласы бойынша пробация қызметінің күнделікті жұмыстарымен танысып, сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларын тексеріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған сотталғандардың  істерімен танысты.Әр курсант өзінің болашақ қызметінің қыр-сырымен танысып, оны іс жүзінде көріп, өзін іштей рухани дайындады. Курсанттар академияда алған білімін практикада қолданып, оны іс жүзінде іске асыра білді, сөйтіп  теория мен практиканы бір бірімен ұштастырып, бір күн болса да өздеріне біраз тәжірибе жинады. Қорыта айтсақ, қосымша практиканың болашақ полиция қызметкерлеріне берер әсері мол.



Курсанттардың 2018-2019 оқу жылының I – жартыжылдығының практикасы аяқталды, 2019 жылдың II- жартыжылдығының ақпанын айынан бастап қосымша практика жалғасын табады. Бірақ 4 курс курсанттарынсыз, себебі олар өндірістік тәжірибеде болады.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару

құқығы және криминология

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны

М.Қалқаманұлы