«Білім инемен құдық қазғандай»

Бүгінгі күні полиция жұмысын реформалау өте өзекті мәселелердің бірі. Себебі қоғамның қауыпсіздігін қамтамасыз етіп етіп отыру қуыршақ мәселе емес. Осы орайда полиция қызметкерлерінің ұстаханасына айналған Қазақстан Республикасының Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы да елеулі жұмыстардан аянып қалып жатқан жоқ. Соның ішінде мемлекеттік құқықтық пәндер кафедрасы да бар.

Өткен аптада мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының «Ішкі істер органдарындағы қызметкерлердің құқыққолдану қызметіндегі құқықтық мәдениет пен құқықтық сана» атты зерттеу тақырыбы аясында кафедра бастығы, з.ғ.к., доцент Қ.Р.Сарыкуловтың және кафедра аға оқытушысы, құқық магистрі М.Смагуловтың жетекшілігімен КОФ 2 курс 201 топ курсанты Орынбек Досхан анкета әзірледі. Бұл кісілер республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін кафедраның зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама ұйымдастырып, мектеп оқушылары мен студенттерден сауалнама жүргізді. Осы анкетаны қолдана отырып, Қостанай қаласы № 10 мектеп оқушылары арасында сауалнама жүргізді. Бұл сауалнамалар арқылы жасөспірімдердің пікірлерін біліп, полиция қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныстар жинақталды. Сондай-ақ, саулнама нәтижелері М.Смагуловтың жетекшілігімен Д.Орынбектің республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу үшін дайындалып жатқан ғылыми еңбегінде пайдаланылады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы